1. Нұра ауылдық округінің Нұра ауылындағы "8 Март" көшесі "Әбдықадыр Бекбосынов" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Нұра ауылдық округі әкімшілігі аппаратының бас маманы Сагынбаева Дана Сериковнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және әкімдіктің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Д. Абдыкулов |