Нұра ауылдық округінің Нұра ауылындағы "8 Март" көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар ауданы Нұра ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 1 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 16 сәуірде № 3139 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Нұра ауылының халқының пікірін ескере отырып, 2014 жылғы 19 желтоқсандағы Алматы облысы ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Талғар ауданы Нұра ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Нұра ауылдық округінің Нұра ауылындағы "8 Март" көшесі "Әбдықадыр Бекбосынов" көшесіне қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Нұра ауылдық округі әкімшілігі аппаратының бас маманы Сагынбаева Дана Сериковнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және әкімдіктің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әкім Д. Абдыкулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады