Тараз қаласының көшелерін қайта атау туралы

Бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 213 қаулысы және Жамбыл облысы мәслихатының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 40-6 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 6 қазанда № 2796 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 11 бабына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және 2014 жылғы 7 қарашадағы Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тараз қаласының:
      Аносов көшесін – Уәлихан Қайназаров көшесі;
      Мирзоян көшесі, бұрылыстары мен тұйығын – Сейілхан Аққозиев көшесі, бұрылыстары мен тұйығы деп қайта аталсын.
      2. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау Жамбыл облыстық мәслихатының аймақты, әкімшілік-аумақтық құрылымды, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Е. Манжуовқа жүктелсін.
      3. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс Әкімі К. Көкрекбаев
      Облыстық мәслихаттың сессиясының төрағасы А. Бәзіл
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Қарашолақов

О переименовании улицы города Тараз

Совместное постановление акимата Жамбылской области от 27 августа 2015 года № 213 и решение маслихата Жамбылской области от 25 сентября 2015 года № 40-6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 6 октября 2015 года № 2796

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии со статьей 11 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", с учетом мнения населения соответствующей территории и на основании заключения Республиканской ономастической комиссии от 7 ноября 2014 года акимат Жамбылской области ПОСТАНОВЛЯЕТ и Жамбылский областной маслихат РЕШИЛ:
      1. Переименовать:
      улицу Аносова на улицу Уалихана Кайназарова;
      улицу, переулки и тупик Мирзояна – на улицу, переулки и тупик Сейлхана Аккозиева города Тараз.
      2. Контроль за исполнением данного нормативного правового акта возложить на постоянную комиссию Жамбылского областного маслихата по вопросам развития региона, административно-территориального обустройства, сельского хозяйства и по рассмотрению проектов договоров по закупу земельных участков и на заместителя акима Жамбылской области Е. Манжуова.
      3. Настоящий нормативный правовой акт вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким области
Председатель сессии областного маслихата
Секретарь областного маслихата
К. КокрекбаевА. БазилБ. Карашолаков