Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 11 бабына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және 2014 жылғы 7 қарашадағы Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тараз қаласының:
Аносов көшесін – Уәлихан Қайназаров көшесі;
Мирзоян көшесі, бұрылыстары мен тұйығын – Сейілхан Аққозиев көшесі, бұрылыстары мен тұйығы деп қайта аталсын.
2. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау Жамбыл облыстық мәслихатының аймақты, әкімшілік-аумақтық құрылымды, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Е. Манжуовқа жүктелсін.
3. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс Әкімі | К. Көкрекбаев |
Облыстық мәслихаттың сессиясының төрағасы | А. Бәзіл |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | Б. Қарашолақов |