Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 11.12.2020 № 52-8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 6 бабының 2-2 тармағына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысы Талас ауданы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың аймақты, әкімшілік аумақтық құрылымды, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері және жер участкесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау туралы тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың | Облыстық мәслихаттың |
сессия төрағасы | хатшысы |
А. Еділбаев | Б. Қарашолақов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Ішкі істер
министрлігі Жамбыл облысының Ішкі істер
департаментінің басшысы
Б. Аймағамбетов
"____ " ______________ 2015 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Жамбыл
облыстық аумақтық инспекциясының
басшысы
С.Н. Солтанбеков
"____ " ______________ 2015 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл
облысы тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаментінің басшысы
Т.С. Төлендиев
"____ " ______________ 2015 жыл
Жамбыл облысы мәслихатының 2015 жылғы "14" желтоқсандағы № 43-15 шешіміне қосымша |
Жамбыл облысы Талас ауданы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Талас ауданы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шiлдедегi Кодексiне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi.
2. Осы Қағидалар Талас ауданы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртiбiн белгiлейдi.
3. Осы Қағидалар иттер мен мысықтардың барлық иелерiне, меншiк түрлерiне қарамастан жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
4. Осы Қағидаларда келесi негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) иттер мен мысықтардың иесi – жеке меншiгiнде немесе меншiктiң басқа түрiнде иттер және мысықтарға иелiк етушi жеке немесе заңды тұлға;
2) жетелеушi ит - көру қабiлеттiлiгi бойынша мүгедектiгi бар адамның белгiлi маршруттар бойынша дұрыс және қауiпсiз жүруiн қамтамасыз ете алатын арнайы дайындық барысында үйретiлген ит;
3) иттердi және мысықтарды асырау – иттер мен мысықтардың иелерiмен ветеринариялық-санитариялық нормаларды сақтай отырып, иттердiң және мысықтардың толыққанды тiршiлiк қарекетiн қамтамасыз ету үшiн iске асырылатын әрекеттер;
4) қаңғыбас иттер мен мысықтар - тiркелмеген, иесiн анықтау мүмкiн емес, иесiнен қалып қойған не болмаса қашып кеткен, иесi немесе жауапты адам тарапынан қараусыз жүрген иттер мен мысықтар;
5) қоғамдық орындар – адамдар көп жиналған немесе көп жиналуы мүмкiн орындар, оның iшiнде бақтар, саябақтар және одан басқа азаматтардың демалыс орындары, жаға жайлар, стадиондар;
6) иттер мен мысықтарды серуендету – иттер мен мысықтардың тұрған жайдан сырт жерде немесе арнайы қарастырылған аумақта болуы.
7) ветеринариялық ұйым – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ауданның жергілікті атқарушы органы құрған, ауылдық округтерде оқшау бөлімшелері бар мемлекеттік ветеринариялық мекеме.
2. Иттер мен мысықтарды асырау
1) иттердi және мысықтарды көп пәтерлi тұрғын үйлердiң ортақ пайдаланылатын орындарында (кiреберiстерде, баспалдақтарда, баспалдақ алаңдарында, лифтiлерде, жертөлелерде, шатыр астыларында, үйлердiң төбелерiнде), сондай-ақ осындай үйлердiң жанындағы аумақтарда асырауға;
2) иттер мен мысықтарды олардың терісін және етін тұтыну, өңдеу және өткізу үшін пайдалану мақсатында өсіруге;
3) Талас ауданы аумағында иттердi таластыру және басқада жануарларға қатысты қатыгез iс-шаралар ұйымдастыру мен өткiзуге (жануарларға зақым келтiрмейтiн және күзетшi иттердi өсiру үшiн дұрыс тұқымдық сұрыптау жүргiзуге мүмкiндiк беретiн, арнайы ережелермен иттердiң жұмыс сапаларын тексерудi қоспағанда).
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – Жамбыл облыстық мәслихатының 26.09.2019 № 38-12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).6. Жеке тұрғын үйлер, жеке құрылыстар аумақтарында иттердiң қашып кетуiн, адамдарға және жануарларға шабуыл жасауын болдырмайтын жағдайларда иттердi оқшау аумақта және (немесе) байлап асырау қажет. Егер аумақты ит күзететiн болса, иттiң аумақта бар екендiгi туралы аумаққа кiреберiстегi иттiң бейнесi салынған, "Абайлаңыз қабаған ит" деген жазба жазылған ескерту тақташасымен хабарланады.
7. Иттер мен мысықтарды асыраған кезде иелерi төмендегi талаптарды орындауға мiндеттi:
1) иттер мен мысықтарды аудандардың жергiлiктi атқарушы органдары құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарда тiркеуге қою;
2) иттер мен мысықтардың оларды асырап отырған орыннан өз еркiмен шығып кетуiне жол бермеу;
3) иттер мен мысықтардың айналасындағыларды мазалауға әкелiп соқпайтын және қауiп төндiрмейтiн жүрiсiн қамтамасыз ету;
4) иттер мен мысықтардың тарапынан тұрғын үй-жайларда даңғырды болмдырмау;
5) иттер мен мысықтардың нәжiсiмен және өзге де тiршiлiк әрекет ету өнiмдерiмен көп пәтерлi тұрғын үйлердiң ортақ пайдаланылатын орындарының (кiреберiстердiң, баспалдақтардың, баспалдақ алаңдарының, жертөлелердiң, шатыр астыларының, үйлердiң төбелерiнiң), балалар алаңдарының, жолдардың, жаяусоқпақтардың, шағын гүлбақтардың, демалыс аумақтарының ластануына жол бермеу, ал ластаған жағдайда ластанған орынды жедел тазалау;
6) иттер мен мысықтарды зоотехникалық, зоогигиеналық және ветеринариялық-санитарлық талаптарға сәйкес асырау, қоғамдық қауiпсiздiк талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
7) иттер мен мысықтарды олардың биологиялық қажеттiлiктерiне сай асырау, оларға адамгершiлiкпен қарау, қараусыз қалдырмау, оларға қажеттi көлемде тамақ пен iшетiн су беру, қатал ұсталуына жол бермеу;
8) ауданның жергiлiктi атқарушы органдары құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар мамандарының талабы бойынша иттер мен мысықтарды бақылау үшiн, диагностикалық зерттеу және емдеу, алдын-алу шараларын жүргiзу үшiн бөгетсiз беру;
9) иттер мен мысықтарды жыл сайын екi айлық жасынан бастап ауданның жергiлiктi атқарушы органдары құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға байқау және құтырма мен басқа да инфекциялық, паразитарлық ауруларға қарсы егу үшiн әкелу;
10) жүйелi түрде, тоқсанына бiр реттен кем емес иттер мен мысықтарды терi паразиттерiне және гельминттерге қарсы профилактикалық өңдеу жүргiзу;
11) иттер мен мысықтардың ауыруының барлық жағдайларында немесе ауруға күдiктi болғанда дереу ауданның жергiлiктi атқарушы органдары құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарына хабарлау, зерттеудiң қорытындылары бойынша мамандардың ұсыныстарын мүлтiксiз орындау;
12) иттер мен мысықтардың белгiсiз себептермен өлiп қалған жағдайларында немесе құтыру ауруына шалдығуға ұқсас белгiлерi болғанда дереу ауданның жергiлiктi атқарушы органдары құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарына хабарлау және оларды ветеринариялық қызмет мамандарының келуiне дейiн оқшаулау;
13) иттер мен мысықтардың адамдарды сiлекейлеу, тырнап алу, тiстеу жағдайлары туралы, ауданның жергiлiктi атқарушы органдары құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарына және тиiстi денсаулық сақтау мекемелерiне дереу хабарлау;
14) ит немесе мысықтан жарақат алған тұлғаға өзi туралы толық деректердi дереу беру (фамилиясы, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты мекен жайы);
15) иттер мен мысықтарды одан әрi асырауға мүмкiндiк болмаған жағдайда оны басқа тұлғаға, жануарларды қорғау ұйымына беру немесе ауданның жергiлiктi атқарушы органдары құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарына хабарлау;
16) иттер мен мысықтардың өлiктерiн алып кетуiн ұйымдастыру мақсатында ауданның жергiлiктi атқарушы органдары құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарына дереу хабарлау және олардың есептен шығарылуын қамтамасыз ету.
3. Иттер мен мысықтарды серуендету
8. Иттер мен мысықтардың иелерi келесi талаптарды сақтауға мiндеттi:
1) иттердi асырау орындарынан тұмылдырықта және қысқа (1,5 метрге дейiн) мойын жiппен айналасындағыларға мазасыздық, кедергiлер келтiрмейтiндей етiп ертiп жүруге және серуенге шығаруға рұқсат етiледi.
Айналадағы адамдардың және жануарлардың қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлу шартымен иттердiң үш айға дейiнгi күшiктерiн және анатомиялық ерекшелiктерi тұмылдырық киюге келмейтiн декоративтiк тұқымды иттердi тұмылдырықсыз серуендетуге болады;
2) иттердi тұмылдырықсыз және мойын жiпсiз тек қоршалған аумақтарда, жаттықтыру алаңдарында және жергiлiктi атқарушы органдарымен, пәтер иелерiнiң кооперативтерiмен қаралған еркiн серуен алаңдарында алып жүруге жол берiледi;
3) иттердiң иелерi әрдайым иттiң мойнында иттiң лақап аты, түрi, иесiнiң мекен-жайы мен телефондары көрсетiлген нөмiрлi жетон бекiтiлген қарғыбау тағуға мiндеттi. Иесiнiң қалауы бойынша нөмiрлi жетонда итке қатысты басқа да мәлiмет көрсетiлуi мүмкiн;
4) көшелерден және магистральдардың жанынан өткен кезде иттердiң иелерi жол-көлiк оқиғаларын және иттiң өлуiн болдырмау үшiн оларды қысқа мойын жiпке алуға мiндеттi;
5) серуендетiлiп жүрген иттер немесе мысықтар адамды қауып алған немесе тырнап алған жағдайда тиiстi дәрiгерлiк көмек шақыру жөнiндегi шараларды қабылдауға мiндеттi;
6) иттер мен мысықтарды тұрғын үйлердiң маңында серуендету кезiнде 23.00. мен 07.00. сағат аралығында тыныштықтың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi;
7) иттер мен (немесе) мысықтармен қоғамдық орындар ластанған жағдайда нәжiстi және олардың өзге де тiршiлiк әрекет ету өнiмдерiн дереу алып тастауға мiндеттi.
9. Иттердi тұмылдырықтарда және қысқа мойын жiптерде, өздiгiнен шешiлiп кетуiн болдырмайтын, иелерi ғимараттардың iшiнде уақытша болған мерзiмге, егер де иттер басқа тұлғаларға қауiп төнгiзбейтiн, қоғамдық тәрiптi бұзбайтын, қозғалысқа және өзiне зиян келмейтiндей жағдайда байлаулы қалдыруға болады. Сонымен бiрге иттер адамдардың және автокөлiктердiң өтуiне кедергi болмауы керек.
10. Мыналарға:
1) құтырма ауруына қарсы егiлмеген және паразитарлық ауруларға (эхинококкоз және токсоплазмоз) тексерiлмеген иттер мен мысықтарды серуендетуге;
2) иттер мен мысықтарды рұқсат етiлген немесе осы мақсаттарда арнайы бөлiнген орындардан басқа, балалардың аулалық алаңдарында, спорт алаңдарында, мектепке дейiнгi және оқу орындарының, емделу мекемелерiнiң аумақтарында, саябақтарда және тұрғындар жаппай демалатын өзге де орындарда, тыйым салатын белгiлер орнатылған орындарда серуендетуге;
3) иттермен және мысықтармен (көру қабiлеттiлiгi бойынша мүгедектiгi бар адамдарды жетелеушi иттерден басқа) дүкендерге, қоғамдық тамақтану ұйымдарына, медициналық, мәдени, спорттық және жалпыға бiлiм беру мекемелерiне (арнайы ұйымдастырылған шараларға барудан немесе иттермен, мысықтармен бiрге баруға арналған мамандандырылған мекемелерге (ұйымдарға) барудан басқа) баруға;
4) жетектеп жүрген кәмелет жасындағы тұлғаларсыз 12 жастан кiшi тұлғаларға, иттердiң үш айға дейiнгi күшiктерiнен және иттердiң декоративтiк тұқымдарынан басқа, иттердi серуендетуге;
5) алкогольдiк, есiрткi мас күйiндегi адамдарға иттердi серуендетуге;
6) иттер мен мысықтарды жағажайларда серуендетуге, көпшiлiк шомылатын жерлерде, тоғандарда, бұрқақтарда, су айдындары мен бөгеттерде шомылдыруға және жуындыруға;
7) халық көп жиналатын орындарда және қоғамдық шаралар өткiзiлетiн жерлерде адамдарды құтқаруға арналған тапсырманы орындау барысындағы, қылмыспен күрес және қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысатын, сондай-ақ көру қабiлеттiлiгi бойынша мүгедектiгi бар адамды жетелеушi иттерден басқа иттермен бiрге болуға жол берiлмейдi.
4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою
11. Аулау мына мақсаттарда жүзеге асырылады:
1) адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіптің алдын алу;
2) жануарлар ауруларының және олардың салдарының алдын алу және болдырмау;
3) халықты адам мен жануарларға ортақ аурулардан сақтау;
4) қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеу.
Аулау тиісті аумақта тұрып жатқан тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделерін сақтай отырып, адамгершілік қағидаттарын сақтай отырып ұйымдастырлады және жүргізіледі.
12. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, аулау кестесіне сәйкес, сонымен қатар қараусыз қалған иттер мен мысықтар көптеп жиналған жағдайда тиісті аумақтағы атқарушы органдардың өтінімі, азаматтардың, меншіктің барлық түріндегі ұйымдардың өтініштері бойынша Ұйым қызметкерлері жүзеге асырады.
13. Ұйым қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулайтын қызметкерлерді жекелеген қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді, оларға түсіндіру жұмысын жүргізеді, азаматтардың талаптары бойынша қөрсететін қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау құқығының куәлігін береді.
14. Ұйым жануарларды аулау, оларды ұйықтату және тасымалдау бойынша қызметтерді жүзеге асыруға арналған жабдықтармен және құралдармен (ілмекті аулау құралдары және/немесе фармокологиялық дәрі-дәрмек салынған пневматикалық винтовкалармен) жасақталады.
15. Аулауға, иесі кәсіпорындар мен мекеменің жанында байлауда қалдырып кеткендерден басқа, қоғамдық орындарда иесіз жүрген, сондай-ақ адамның қарауынсыз қалған немесе жартылай еркін топ болып құрылған, адамның қадағалауынсыз көбеюге қабілетті иттер мен мысықтар жатады.
16. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмысына медициналық тексеруден өткен, құтыруға қарсы алдын алу екпелерін алған, психоневрология және наркология диспансерлерінің есебінде тұрмайтын тұлғалар жіберіледі.
17. Аулауды жүргізу кезінде Ұйым қызметкерлеріне жол берілмейді:
1) ауланған иттер мен мысықтарды иеленуге және оларды басқа тұлғаларға беруге;
2) жануарларды қимылсыз қалдыру үшін фармокологиялық дәрі-дәрмекпен оқталған пневматикалық қаруды 10 метрден астам қашықтықты қолдануға;
3) аулау кәмелет жасқа толмаған балалардың көзінше, қаңғырған иттер мен мысықтардың қылығы адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жағдайдан басқа кезде;
4) адамдарға бағыттап атуға.
5) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау күндізгі уақытта жүргізіледі.
18. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар олардың кімге тиесілі екендігі анықталғанша уақытша ұстауға арналған арнайыландырылған мекемеге жеткізіледі.
19. Қаңғырған иттер мен мысықтар адамдар мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген жағдайда (агрессиялық мінез-құлық және/немесе құтыру ауруы күдігі болғанда) оларды Ұйым кідірмей жояды.
20. Жануарларды тасымалдаған кезде олардың тамаққа және суға қажеттіліктері қанағаттандырылады, оған қоса олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
21. Жануарларды тасымалдауға арналған көлік құралы арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталады, оаған қоса жануарларды арту мен түсіру кезінде жануарлардың жарақаттануын және/немесе өлуін болдырмайтын қондырғылар пайдаланылады.
22. Бір-бірімен табиғи байланыстағы немесе бір-біріне бейталап болып табылатын түрлерден басқа әртүрлі түрдегі жануарларды тасымалдау жеке-жеке жүргізіледі.
23. Өлген және әрі қарай тасымалдауға жарамсыз жануарлар кідіріссіз тірі жануарлардан бөлектендіріледі.
24. Уақытша ұстауға арналған арнайыландырылған мекемеде клиникалық тексеру, тіркеу жүргізіледі, арнайы журналдарға келесі мазмұндағы мәліметтер енгізіледі: жануардың түрі, жынысы, түсі, ерекше белгілері, айырмашылық белгілерінің болуы.
25. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар металл торларға орналастырылады.
26. Ауланған иттер мен мысықтарға қажетінше күтім жасау және оларды тамақтандыру жүзеге асырылады.
27. Екі ай ішінде ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтардың иелерінен өтініш болмаған жағдайда олар өлтірілуге жатады.
5. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою
28. Сұрауы жоқ қаңғыбас иттер мен мысықтар Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған препараттармен, дәрілік жолмен жою жатады.
29. Жануарларды жою басқа жануарлар ұсталатын жайлардан бөлек орналасқан арнайыландырылған жайда жүргізіледі.
30. Иттер мен мысықтардың өлекселерін жою жануарлардың өлекселерін көмуге арналған арнайы бөлінген жер учаскелерінде (мал қорымдары және/немесе биотермиялық шұңқыр) немесе жануарлар өлекселері мен биологиялық материаларды күйдіруге арналған көшпелі және/немесе стационарлық қондырғыларда (инсенераторлар) жүзеге асырылады.
31. Иттер мен мысықтардың өлекселерін (қалдықтарын) елді мекендердің аумағына тастауға және оларды мал қорымдарынан тыс жерлерге рұқсатсыз көмуге рұқсат етілмейді.
6. Қорытынды ереже
32. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою бойынша іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
33. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін иттер мер мысықтардың иелері "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 408-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.