"Жамбыл облысы Талас ауданы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық маслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 43-15 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 38-12 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 қазанда № 4342 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 52-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 11.12.2020 № 52-8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес Жамбыл облыстық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жамбыл облысы Талас ауданы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 43-15 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2915 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2016 жылдың 10 ақпанында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жамбыл облысы Талас ауданы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларында:

      5 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "5. Жол берілмейді:

      1) иттердi және мысықтарды көп пәтерлi тұрғын үйлердiң ортақ пайдаланылатын орындарында (кiреберiстерде, баспалдақтарда, баспалдақ алаңдарында, лифтiлерде, жертөлелерде, шатыр астыларында, үйлердiң төбелерiнде), сондай-ақ осындай үйлердiң жанындағы аумақтарда асырауға;

      2) иттер мен мысықтарды олардың терісін және етін тұтыну, өңдеу және өткізу үшін пайдалану мақсатында өсіруге;

      3) Талас ауданы аумағында иттердi таластыру және басқада жануарларға қатысты қатыгез iс-шаралар ұйымдастыру мен өткiзуге (жануарларға зақым келтiрмейтiн және күзетшi иттердi өсiру үшiн дұрыс тұқымдық сұрыптау жүргiзуге мүмкiндiк беретiн, арнайы ережелермен иттердiң жұмыс сапаларын тексерудi қоспағанда)".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл облыстық маслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың сессия төрайымы Г. Тлеубердиева
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Қарашолақов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетінің Жамбыл

      облыстық аумақтық инспекциясының

      басшысы

      _________________ Ж.М. Коекеев

      " ___ " _____________ 2019 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер

      министрлігі Жамбыл облысының полиция

      департаментінің басшысы

      _________________ А.М. Оразалиев

      " ___ " _____________ 2019 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады