Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тараз қаласында 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі аталған қаулыны баспасөз беттерінде және жергілікті атқарушы органның интернет-ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Маржан Төреғұлқызы Қожаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркeyден өткен күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Календеров |
Тараз аласы әкімдігінің 2015 жылғы "23" ақпандағы № 183 қаулысына қосымша |