Жамбыл ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекiту туралы

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 39-7 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 2615 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 18 қазандағы № 18-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 18.10.2017 № 18-4 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Жамбыл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әкімшілік аумақтық құрылым, жер, халықтың денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау, халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігін, мүгедектерді, ана мен баланы қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. "Жамбыл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Жамбыл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 27-5 шешіміне (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2091 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 қаңтардағы №3-4 "Шұғыла-Радуга" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Жамбыл аудандық мәслихаты
      сессиясының төрайымы: Ж. Шардарбекова
      Жамбыл аудандық мәслихаты
      хатшысы: Р. Бегалиев

  Жамбыл ауданы мәслихатының
2015 жылы "31" наурыздағы №
39-7 шешімімен бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасы.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына, сондай-ақ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленді.

      2. Әлеуметтік көмек Жамбыл облысы Жамбыл ауданының аумағында тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетіледі.

      3. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистикалық орган есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әр бір мүшесіне келетін үлесі;

      6) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;

      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      9) уәкілетті ұйым - "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жамбыл облыстық филиалының Жамбыл аудандық бөлімшесі;

      10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      1. Осы қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      2. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      3. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігін жергілікті атқарушы орган ұсынымы бойынша жергілікті өкілді органдар белгілейді.

      4. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Жамбыл облысы әкімдігі бекіткен ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлері

      9. Бір реттік әлеуметтік көмек атаулы күндер және мерекелі күндерге көрсетіледі.

      9 мамырға:

      - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      - қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      - қазатапқан (қайтыс болған) соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері) 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде;

      - Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға және Ұлы Отан соғысы жылдарында 6 айдан астам тылда еңбек еткен адамдарға 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде;

      - Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептеледі қалаларда болған адамдарға 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде.

      15 ақпанға:

      - ауғанстанда әскери міндетін өтеу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге 30000 (отыз мың) теңге көлемінде;

      - ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде;

      - бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасы 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде;

      - 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілерге 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде.

      26 сәуірге:

      - 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электрстанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан және Чернобыль атом электрстанциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде;

      - 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электрстанциясындағы аппаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде.

      29 тамызға:

      - азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 19.02.2016 № 50-3 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      10. Бір реттік әлеуметтік көмек өтініш бойынша мынадай санаттағы адамдарға (отбасыларға) ұсынылады:

      1) жан басына шаққандағы табысы 5 (бес) тен төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын адамдарға (отбасыларға) біржолғы әлеуметтік көмек:

      - әлеуметтік мәні бар ауру – туберкулез бойынша әлеуметтік көмек "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл аудандық туберкулезге қарсы ауруханасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесінің тізіміне сәйкес диспансерлік есепте тұратын туберкулездің төзімді түрімен ауыратын, амбулаторлық емделуде жүрген адамдарға (отбасыларға) 6 (алты) ай мерзіміне 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі;

      - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға жол шығыны төлемінсіз, шипажайлық - курорттық жолдамалар түрінде;

      - туберкулезбен ауыратын адамдарға (отбасыларға) амбулаториялық емін алу кезеңінде 12 (он екі) ай мерзіміне, ай сайын 21 871 (жиырма бір мың сегіз жүз жетпіс бір) теңге көлемінде.

      - табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан адамға (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде арнайы комиссияның анықтауымен 100 айлық есептік көрсеткіш шегінде көрсетіледі.

      Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан адамға (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде мұқтаж азаматтар бір ай ішінде уәкілетті органға өтініш береді.

      2) біржолғы әлеуметтік көмек өтініш бойынша:

      - жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын санаттағы адамдар (отбасылар) үшін әлеуметтік көмек көрсету өмірлік қиын жағдай туындаған кезде 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздіме болып табылады.

      Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық - тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін жергілікті өкілді органдар бекітеді.

      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 19.02.2016 № 50-3; өзгерістер енгізілді-Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 02.03.2017 № 9-3 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейiн күнтiзбелiк 10 күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      11. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы орган келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      12. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілген әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      13. Атаулы күндер мен мерекелі күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштері талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзгеде ұйымдардың ұсынымы бойынша, Жамбыл облысы жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе (отбасының) атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) Үлгілік қағиданың № 1-қосымшасына сәйкес адамның отбасының құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні немесе құжатты ұсынады.

      15. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      17. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағиданың № 2 және № 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      18. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      19. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      20. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      21. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      22. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағиданың 17 және 18-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      23. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      24. Белгіленген негіздемелердің беруі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.

      25. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      26. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Жамбыл облысы Жамбыл ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілген әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      27. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті Жамбыл облысы Жамбыл ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      28. Арттық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      29. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Жамбылскому району

Решение Жамбылского районного маслихата Жамбылской области от 31 марта 2015 года № 39-7. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 17 апреля 2015 года № 2615. Утратило силу решением Жамбылского районного маслихата Жамбылской области от 18 октября 2017 года № 18-4

      Сноска. Утратило силу решением Жамбылского районного маслихата Жамбылской области от 18.10.2017 № 18-4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Жамбылский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить "Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Жамбылскому району.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросам административно-территориального строительства, земли, охраны здоровья населения и защиты окружающей среды, малообеспеченных слоев населения, инвалидов, защиты мать и дитя.

      3. Признать утратившим силу решение Жамбылского районного маслихата от 11 декабря 2013 года № 27-5 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Жамбылскому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2091, опубликовано 11 января 2014 года в газете "Шұғыла-Радуга" № 3-4)

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Жамбылского
      районного маслихата: Ж. Шардарбекова
      Секретарь Жамбылского
      районного маслихата: Р. Бегалиев

  Утвержден решением
Жамбылского районного
маслихата от "31" марта 2015
года № 39-7

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня категорий нуждающихся граждан

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законами Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" и от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", а также постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан".

      2. Социальная помощь предоставляется отдельным категориям нуждающихся граждан, постоянно проживающим на территории Жамбылского района Жамбылской области.

      3. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) памятные даты – события, имеющие общенародные исторические, духовное, культурное значения и оказавшие влияние на ход истории Республики Казахстан;

      2) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решения акима Жамбылского района Жамбылской области по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;

      3) прожиточный минимум – необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемой органами статистики области;

      4) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      5) среднедушевой доход семьи (гражданина) – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      6) центральный исполнительный орган – государственный орган, обеспечивающий реализацию государственной политики в сфере социальной защиты населения;

      7) трудная жизненная ситуация – ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;

      8) уполномоченный орган – коммунальное государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ акимата Жамбылского района Жамбылской области";

      9) уполномоченная организация – Жамбылское районное отделение Жамбылского областного филиала Республиканского государственного казенного предприятия "Государственный центр по выплате пенсий Министертва здравоохранения и социального развития Республики Казахстан";

      10) участковая комиссия – комиссия, создаваемая решением акимов соответствующих административно – территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семьи), обратившихся за социальной помощью и подготовки заключений;

      11) предельный размер – утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      4. Для целей настоящих правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местными исполнительными органами в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее - получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятным датам и праздничным дням.

      5. Лицам, указанным в статье 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" и статье 16 Закона Республики Казахстан 13 апреля 2005 "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", социальная помощь оказывается в порядке, предусмотренном настоящими Типовыми правилами.

      6. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, ежеквартально, 1 раз в полугодие).

      7. Перечни памятных дат и праздничных дней для оказания социальной помощи, а также кратность оказания социальной помощи устанавливаются местными представительными органами по представлению местных исполнительных органов.

      8. Участковые и специальные комиссии осуществляют свою деятельность на основании положений, утвержденных акиматом Жамбылской области.

2. Перечень категорий получателей социальной помощи и установления размеров социальной помощи

      9. Единовременная социальная помощь к памятным датам и праздничным дням предоставляется.

      к 9 мая:

      - участникам и инвалидам Великой Отечественной войны в размере 150000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      - гражданам, работавшим в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденным медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Житель блокадного Ленинграда" в размере 30000 (тридцать тысяч) тенге;

      - семьям военнослужащих погибших (умерших) при прохождении воинской службы в мирное время, женам (мужьям) умерших инвалидов войны и приравненных к ним инвалидов, а также женам (мужьям) умерших участников войны, партизан, подпольщиков, граждан, награжденных медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Житель блокадного Ленинграда", признававшихся инвалидами в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в другой брак в размере 15000 (пятнадцать тысяч) тенге;

      -лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны и лицам, проработавшим в тылу не менее 6 (шести) месяцев, в годы Великой Отечественной войны в размере 15000 (пятнадцать тысяч) тенге;

      - лица вольнонаемного состава Советской Армии, Военно-Морского Флота, войск и органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, занимавшие штатные должности в воинских частях, штабах, учреждениях, входивших в состав действующей армии в период Великой Отечественной войны, либо находившиеся в соответствующие периоды в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 г. в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии в размере 30 000 (тридцать тысяч) тенге.

      к 15 февраля:

      - военнослужащие, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при прохождении воинской службы в Афганистане в размере 30 000 (тридцать тысяч) тенге;

      - семьи военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или в других государствах, в которых велись боевые действия в размере 15 000 (пятнадцать тысяч) тенге;

      - семьи военнослужащих погибших (умерших) при прохождении воинской службы в мирное время в размере 15 000 (пятнадцать тысяч) тенге;

      - рабочим и служащим, направлявшимся на работу в Афганистан в период с 1 декабря 1979 года по декабрь 1989 года в размере 15 000 (пятнадцать тысяч) тенге.

      к 26 апреля:

      - лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986-1987 годах и ставшим инвалидами, вследствие аварии на Чернобыльской атомной электростанции в размере 30 000 (тридцать тысяч) тенге;

      - участникам ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988-1989 годах в размере 15 000 (пятнадцать тысяч) тенге.

      к 29 августа:

      - лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшие непосредственно в ядерных испытаниях и учениях в размере 30 000 (тридцать тысяч) тенге.

      Сноска. Пункт 9 с изменениями, внесенными решением Жамбылского районного маслихата Жамбылской области от 19.02.2016 № 50-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      10. Единовременная социальная помощь лицам (семьям) по обращениям предоставляется:

      1) лицам (семьям), имеющим месячный среднедушевой доход не превышающий 5 (пяти) прожиточных минимума

      - социальная помощь по социально значимому заболеванию – туберкулезу предоставляется лицам, больным активной формой туберкулеза, находящимся на амбулаторном лечении, состоящим на диспансерном учете, согласно списку Коммунального государственного учреждения "Жамбылская противотуберкулезная больница Управления здравоохранения акимата Жамбылской области", лицам (семьям) в течение 6 (шести) месяцев в размере 3 (трех) месячных расчетных показателей;

      - участникам и инвалидам Великой Отечественной войны и лицам, приравненным к ним в виде санаторно-курортных путевок, без оплаты стоимости проезда;

      - лицам (семьям) больным туберкулезом находящимся на амбулаторном лечении, ежемесячно в размере 21 871 (двадцать одна тысяча восемьсот семьдесят один) тенге в течении 12 (двенадцати) месяцев;

      - при причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара, в пределах до 100 месячного расчетного показателя, определяемым специальной комиссией.

      - при причинении ущерба гражданину (семье) либо его имуществу, вследствие стихийного бедствия или пожара, нуждающиеся граждане в течение месяца обращаются за социальной помощью в уполномоченный орган;

      2) единовременная социальная помощь по обращениям предоставляется:

      - гражданам (семьям), имеющим месячный среднедушевой доход, не превышающий 60 процентов от прожиточного минимума, при наступлении трудной жизненной ситуация в размере 10 месячных расчетных показателей.

      При этом основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации являются:

      1) основания, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;

      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу в следствие стихийного бедствия или пожара либо наличие социально значимого заболевания;

      3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, установленного местными представительными органами в кратном отношении к прожиточному минимуму.

      Окончательный перечень оснований для отнесения граждан к категории нуждающихся и проведения обследований материально-бытового положения лица (семьи) утверждается местными представительными органами;

      Специальные комиссии при вынесении заключения о необходимости оказания социальной помощи руководствуются утвержденным местными представительными органами, перечнем оснований для отнесения граждан к категории нуждающихся

      Сноска. Пункт 10 - в редакции решения Жамбылского районного маслихата Жамбылской области от 19.02.2016 № 50-3; с изменениями внесенным решением Жамбылского районного маслихата Жамбылской области от 02.03.2017 № 9-3 (вводится в действие по истечении 10 календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      11. К памятным датам и праздничным дням размер социальной помощи для отдельно взятой категории получателей устанавливается в едином размере по согласованию с местными исполнительными органами области.

      12. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи.

3. Порядок оказания социальной помощи

      13. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням оказывается по списку, утверждаемому местными исполнительными органами Жамбылской области по представлению уполномоченной организации без истребования заявлений от получателей.

      14. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган представляет заявление с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющий личность;

      2) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства;

      3) сведения о составе лица (семьи) согласно приложению 1 к Типовым правилам;

      4) сведения о доходах лица (членов семьи);

      5) акт и/или документ, подтверждающий наступление трудной жизненной ситуации.

      15. Документы представляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.

      16. При поступлении заявления на оказание социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации уполномоченный орган или аким сельского округа в течение одного рабочего дня направляют документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).

      17. Участковая комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), подготавливает заключение о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи по формам согласно приложениям 2,3 к Типовым правилам и направляет их в уполномоченный орган или акиму сельского округа.

      Аким сельского округа в течение двух рабочих дней со дня получения акта и заключения участковой комиссии направляет их с приложенными документами в уполномоченный орган.

      18. В случае недостаточности документов для оказания социальной помощи, уполномоченный орган запрашивает в соответствующих органах сведения, необходимые для рассмотрения представленных для оказания социальной помощи документов.

      19. В случае невозможности представления заявителем необходимых документов в связи с их порчей, утерей, уполномоченный орган принимает решение об оказании социальной помощи на основании данных иных уполномоченных органов и организаций, имеющих соответствующие сведения.

      20. Уполномоченный орган в течение одного рабочего дня, со дня поступления документов от участковой комиссии или акима сельского округа производит расчет среднедушевого дохода лица (семьи) в соответствии с законодательством Республики Казахстан и представляет полный пакет документов на рассмотрение специальной комиссии.

      21. Специальная комиссия в течение двух рабочих дней со дня поступления документов выносит заключение о необходимости оказания социальной помощи, при положительном заключении указывает размер социальной помощи.

      22. Уполномоченный орган в течение восьми рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи на основании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальной помощи.

      В случаях, указанных в пунктах 17 и 18 настоящих Правил, уполномоченный орган принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи в течение двадцати рабочих дней со дня принятия документов от заявителя или акима сельского округа.

      23. Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в случае отказа – с указанием основания) в течение трех рабочих дней со дня принятия решения.

      24. По одному из установленных оснований социальная помощь в течение одного календарного года повторно не оказывается.

      25. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:

      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;

      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследование материального положения лица (семьи);

      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи) установленного местными представительными органами порога для оказания социальной помощи.

      26. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете Жамбылского района Жамбылской области на текущий финансовый год.

4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи

      27. Социальная помощь прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы Жамбылского района Жамбылской области;

      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;

      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.

      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      28. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

5. Заключительное положение

      29. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационный системы "Е-Собес".