Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 18.10.2017 № 18-4 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жамбыл ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы №39-7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2615 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 сәуірдегі №46-47-48 (5409-5410-5411) аудандық "Шұғыла-Радуга" газетіне жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Жамбыл ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
9 тармағының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға және Ұлы Отан соғысы жылдарында 6 айдан астам тылда еңбек еткен адамдарға 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде;"
10 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Бір реттік әлеуметтік көмек өтініш бойынша мынадай санаттағы адамдарға (отбасыларға) ұсынылады:
1) жан басына шаққандағы табысы 5 (бес) тен төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын адамдарға (отбасыларға) біржолғы әлеуметтік көмек:
- әлеуметтік мәні бар ауру – туберкулез бойынша әлеуметтік көмек "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл аудандық туберкулезге қарсы ауруханасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесінің тізіміне сәйкес диспансерлік есепте тұратын туберкулездің төзімді түрімен ауыратын, амбулаторлық емделуде жүрген адамдарға (отбасыларға) 6 (алты) ай мерзіміне 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі;
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға жол шығыны төлемінсіз, шипажайлық - курорттық жолдамалар түрінде;
- көптеген дәрілік заттарға төзімді туберкулезбен ауыратын (IV топ) адамдарға (отбасыларға) амбулаториялық емін алу кезеңінде 12 (он екі) ай мерзіміне, ай сайын, 12372 (он екі мын үш жүз жетпіс екі) теңге көлемінде;
- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан адамға (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде арнайы комиссияның анықтауымен 100 айлық есептік көрсеткіш шегінде көрсетіледі.
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан адамға (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде мұқтаж азаматтар бір ай ішінде уәкілетті органға өтініш береді.
2) біржолғы әлеуметтік көмек өтініш бойынша:
- жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын санаттағы адамдар (отбасылар) үшін әлеуметтік көмек көрсету өмірлік қиын жағдай туындаған кезде 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздіме болып табылады.
Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық - тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін жергілікті өкілді органдар бекітеді.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы және әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді Жамбыл аудандық мәслихаттың әкімшілік аумақтық құрылым, жер, халықтың денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау, халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігін, мүгедектерді, ана мен баланы қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенсоң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл аудандық мәслихаты | Жамбыл аудандық |
сессиясының төрағасы | мәслихаты хатшысы |
Т. Әбдібеков | Р.Бегалиев |