"Жамбыл ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 39-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 наурыздағы № 9-3 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 наурызда № 3352 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 18 қазандағы № 18-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 18.10.2017 № 18-4 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жамбыл ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 39-7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2615 болып тіркелген, 2016 жылдың 25 сәуірдегі аудандық "Шұғыла-Радуга" газетіне жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      10 тармақтың 1) тармақшасындағы

      " - көптеген дәрілік заттарға төзімді туберкулезбен ауыратын (IV топ) адамдарға (отбасыларға) амбулаториялық емін алу кезеңінде 12 (он екі) ай мерзіміне, ай сайын 12372 (он екі мын үш жүз жетпіс екі) теңге көлемінде;" деген сөздер

      " - туберкулезбен ауыратын адамдарға (отбасыларға) амбулаториялық емін алу кезеңінде 12 (он екі) ай мерзіміне, ай сайын 21871 (жиырма бір мың сегіз жүз жетпіс бір) теңге көлемінде;" деп ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау алтыншы шақырылған Жамбыл аудандық мәслихатының "Әкімшілік – аумақтық құрылыс, жер, халықтың денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігін, ана мен баланы қорғау және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына" жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл аудандық мәслихаты Жамбыл аудандық
      сессиясының төрайымы: мәслихаты хатшысы:
      И. Тоганбаева Р. Бегалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады