Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабына және Шу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитарлық инспекторының 2015 жылғы 17 ақпандағы № 38 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу ауылдық округі Ақсу ауылы аумағында жылқылардан індетті лимфангит ауруының пайда болуына байланысты Ақсу ауылы аумағына карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Е. Айтбайға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Н. Шимашев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Жамбыл облысы Ішкі істер
Департаментінің Шу аудандық
Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесі.
Басшы Е.Иманбаев
3 сәуір 2015 жыл
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Шу аудандық
аумақтық инспекциясы мемлекеттік
мекемесі
Басшы С.Таңсықов
3 сәуір 2015 жыл
Қазақстан Республикасы
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
агенттігінің Жамбыл облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаментінің
" Шу ауданы бойынша тұтынушылар
құқығын қорғау басқармасы"
мемлекеттік мекемесі
Басшы М.Болотин
3 сәуір 2015 жыл