Ақсу ауылдық округі Ақсу ауылы аумағында карантин белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу ауданы Ақсу ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 8 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 сәуірде № 2618 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабына және Шу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитарлық инспекторының 2015 жылғы 17 ақпандағы № 38 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақсу ауылдық округі Ақсу ауылы аумағында жылқылардан індетті лимфангит ауруының пайда болуына байланысты Ақсу ауылы аумағына карантин белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Е. Айтбайға жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Н. Шимашев
      Ақсу ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 8 "Ақсу ауылдық округіндегі Ақсу ауылына карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" шешіміне келісу парағы.
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Жамбыл облысы Ішкі істер
      Департаментінің Шу аудандық
      Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесі.
      Басшы Е.Иманбаев
      3 сәуір 2015 жыл
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Шу аудандық
      аумақтық инспекциясы мемлекеттік
      мекемесі
      Басшы С.Таңсықов
      3 сәуір 2015 жыл
      Қазақстан Республикасы
      тұтынушылардың құқықтарын қорғау
      агенттігінің Жамбыл облысы тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау департаментінің
      " Шу ауданы бойынша тұтынушылар
      құқығын қорғау басқармасы"
      мемлекеттік мекемесі
      Басшы М.Болотин
      3 сәуір 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады