Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 11-1-2/42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 наурызда № 10431 тіркелді.

      "Дамуға ресми көмек туралы" 2014 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Р.С. Жошыбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Министр Е. Ыдырысов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 12 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2015 жылғы 6 ақпандағы
№ 11-1-2/42 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы өзара іс-қимыл жасау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Дамуға ресми көмек туралы" (бұдан әрі – Заң) 2014 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек (бұдан әрі – ДРК) саласындағы өзара іс-қимыл жасау тәртібін реттейді.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен ДРК саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарына сәйкес ДРК саласындағы мемлекеттік органдарының, операторының (бұдан әрі – Оператор) және ДРК саласындағы өзге де ұйымдарының (бұдан әрі – ұйымдар) қызметтерін үйлестіруді қамтамасыз етеді.

      Министрлік мемлекеттік органдардың, оператордың және ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, ДРК саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарын оларды кейіннен Қазақстан Республикасының Президентімен бекіту үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді.

2. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмекті қалыптастыру жөніндегі өзара іс-қимылы

      3. Мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – шет елдердегі мекемелер), оператор және ұйымдар жыл сайын ағымдағы қаржылық жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде Министрлікке ДРК саласындағы жобалық ұсыныстарды (бұдан әрі – жобалық ұсыныстар) кезекті қаржылық жылға қалыптастыру бойынша:

      ДРК іс-шаралар жоспарын;

      ДРК-ға халықаралық ұйымдарға ерікті жарнаны төлеу жоспарын енгізеді.

      Жобалық ұсыныстар Заңның 7-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес енгізіледі.

      Мемлекеттік органдар, шет елдердегі мекемелер және ұйымдар жобалық ұсыныстарды уақытылы бермеген жағдайда, Министрлік аталған жобалық ұсыныстарды әзірлеушілерді жобалық ұсыныстар ұсынылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде хабардар етіп, оларды қараусыз қалдырады.

      Министрлік жобалық ұсыныстарды әзірлеушілерге көрсетілген мерзімде хабарламаған жағдайда, жобалық ұсыныстар кезекті қаржылық жылға арналған ДРК жобалық іс-шараларына қосу үшін қарастырылуға қабылданды деп есептеледі.

      4. Министрлік ұсынылған жобалық ұсыныстарды олардың сыртқы саяси орындылығы нысанасына сәйкестігін қарастырады.

      Жобалық ұсыныстарды іске асырудың сыртқы саяси орындылығы болған жағдайда, Министрлік оны тиісті жоспар жобасына енгізеді.

      Министрлік ағымдағы қаржылық жылдың 1 сәуіріне дейін кезекті қаржылық жылға:

      ДРК іс-шаралар жоспарын;

      ДРК-ге арналған халықаралық ұйымдарға ерікті жарналарды төлеу жоспарын әзірлейді.

      Республикалық бюджет бекітілген соң Министрлік тиісті жылдарға ДРК іс-шаралары жоспарын және ДРК-ға халықаралық ұйымдарға ерікті жарнаны төлеу жоспарын бекітеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 15.05.2020 № 11-1-4/156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Бекітілген ДРК іс-шаралар және ДРК-ға халықаралық ұйымдарға
ерікті жарнаны төлеу жоспарларына өзгерістер енгізу жөнінде
мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы

      5. Мемлекеттік органдар, шет елдердегі мекемелер, оператор және ұйымдар сыртқы саясат ахуалы өзгерген кезде бекітілген ДРК іс-шаралар жоспарын және ДРК-ға халықаралық ұйымдарға ерікті жарнаны төлеу жоспарын өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізеді.

      6. Сыртқы саяси орындылығын ескере отырып, Министрлік бекітілген бюджеттік қаражаттар шығындары шегінде ДРК іс-шаралар жоспарына және ДРК-ға халықаралық ұйымдарға ерікті жарнаны төлеу жоспарына түзетулер енгізеді және енгізілген өзгерістер туралы мемлекеттік органдар мен шет елдердегі мекемелерді хабардар етеді.

      ДРК іс-шаралар жоспарына және ДРК-ға халықаралық ұйымдарға ерікті жарнаны төлеу жоспарына енгізілген өзгерістер мемлекеттік органдар, шет елдердегі мекемелер, оператор және ұйымдар үшін ДРК-нің қайта қосылған жобаларын іске асыруға негіз болып табылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 15.05.2020 № 11-1-4/156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. ДРК жобаларын іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы

      7. Мемлекеттік органдар, шет елдердегі мекемелер, оператор және ұйымдар бекітілген ДРК іс-шаралар жоспарында қарастырылған ДРК жобаларын іске асыруды жүзеге асырады.

      ДРК жобасын іске асыруға тиісті жобалық ұсыныстар енгізген оператор, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдар жауапты болып табылады.

      ДРК-ға халықаралық ұйымдарға ерікті жарнаны төлеу жоспарын іске асыруды Министрлік жүзеге асырады.

      8. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шеңберінде:

      Министрліктің сұранысы бойынша ДРК жобасын іске асыру үшін ұйымдастыру-техникалық жәрдемдесуді;

      ДРК жобаларын іске асыруда сараптамалық жәрдемдесуді;

      жыл сайын 30 желтоқсаннан кешіктірмей, ДРК жобаларын іске асыру бойынша Министрлікке есептік ақпаратты беруді жүзеге асырады.

      9. Министрлік мемлекеттік органдардың, шет елдердегі мекемелердің, әріптес-донорлардың және ДРК жобалық ұсыныстарды іске асыруға қатысуға ұсынылған Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының жәрдемдесуімен тұрақты негізде ДРК жобаларын іске асыруға мониторингті жүзеге асырады.

      ДРК жобаларын іске асыру мониторингі негізінде ДРК іс-шаралар жоспарына және ДРК-ға халықаралық ұйымдарға ерікті жарнаны төлеу жоспарына Қағидалардың 3-тарауында қарастырылған тәртіп бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.

      10. Министрлік жыл сайын ағымдағы қаржылық жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне өткен жылғы ДРК жобаларын іске асыру барысы туралы есептік ақпаратты ұсынады.

Об утверждении Правил взаимодействия государственных органов и организаций в сфере официальной помощи развитию

Приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 6 февраля 2015 года № 11-1-2/42. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 марта 2015 года № 10431.

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 10 декабря 2014 года "Об официальной помощи развитию" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила взаимодействия государственных органов и организаций в сфере официальной помощи развитию.

      2. Департаменту внешнеэкономической политики Министерства иностранных дел Республики Казахстан обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан, его официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет".

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Первого заместителя Министра иностранных дел Республики Казахстан Жошыбаева Р.С.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его государственной регистрации и подлежит официальному опубликованию.

Министр

Е. Идрисов

"СОГЛАСОВАНО"


Министр финансов


Республики Казахстан


____________ Б. Султанов


12 февраля 2015 года



  Утверждены
приказом Министра иностранных дел
Республики Казахстан
от 6 февраля 2015 года № 11-1-2/42

Правила
взаимодействия государственных органов и организаций
в сфере официальной помощи развитию
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила взаимодействия государственных органов и организаций в сфере официальной помощи развитию (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 10 декабря 2014 года "Об официальной помощи развитию" (далее - Закон) и регулируют порядок взаимодействия государственных органов и организаций в сфере официальной помощи развитию (далее – ОПР).

      2. Министерство иностранных дел Республики Казахстан (далее – Министерство) осуществляет координацию деятельности государственных органов, оператора в сфере ОПР (далее – оператор) и иных организаций в сфере ОПР (далее – организации) в соответствии с основными направлениями государственной политики Республики Казахстан в сфере ОПР, утверждаемыми Президентом Республики Казахстан.

      Министерство с учетом предложений государственных органов, оператора, организаций разрабатывает и вносит на рассмотрение Правительства Республики Казахстан предложения по основным направлениям государственной политики Республики Казахстан в сфере ОПР для последующего их утверждения Президентом Республики Казахстан.

2. Взаимодействие государственных органов и организаций
по формированию проектов ОПР

      3. Государственные органы, загранучреждения Республики Казахстан (далее – загранучреждения), оператор и организации ежегодно в срок до 1 февраля текущего финансового года вносят в Министерство проектные предложения в сфере ОПР (далее – проектные предложения) на очередной финансовый год по формированию:

      плана мероприятий ОПР;

      плана выплат добровольных взносов в международные организации на ОПР.

      Проектные предложения вносятся согласно подпункту 4) пункта 1 статьи 7 Закона.

      В случае несвоевременного представления государственными органами, загранучреждениями и организациями проектных предложений, Министерство оставляет их без рассмотрения, уведомив об этом разработчиков проектных предложений в течении десяти рабочих дней после представления проектных предложений.

      В случае не уведомления Министерством разработчиков проектных предложений в течении указанного срока, проектные предложения считаются принятыми к рассмотрению для включения в план мероприятий ОПР на очередной финансовый год.

      4. Министерство рассматривает представленные проектные предложения на предмет их внешнеполитической целесообразности.

      В случае внешнеполитической целесообразности реализации проектного предложения, Министерство включает его в проект соответствующего плана.

      Министерство до 1 апреля текущего финансового года разрабатывает на очередной финансовый год:

      план мероприятий ОПР;

      план выплат добровольных взносов в международные организации на ОПР.

      Министерство утверждает план мероприятий ОПР и план выплат добровольных взносов в международные организации на ОПР после утверждения республиканского бюджета на соответствующие годы.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции приказа Министра иностранных дел РК от 15.05.2020 № 11-1-4/156 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

3. Взаимодействие государственных органов и организаций
по внесению изменений в утвержденные планы мероприятий ОПР
и выплат добровольных взносов в международные организации на ОПР

      5. Государственные органы, загранучреждения, оператор и организации при изменении внешнеполитической ситуации вносят предложения по изменению утвержденных плана мероприятий ОПР и плана выплат добровольных взносов в международные организации на ОПР.

      6. С учетом внешнеполитической целесообразности Министерство в пределах утвержденных расходов бюджетных средств может вносить поправки в план мероприятий ОПР и план выплат добровольных взносов в международные организации на ОПР и информирует государственные органы и загранучреждения о внесенных изменениях.

      Изменения, внесенные в план мероприятий ОПР и план выплат добровольных взносов в международные организации на ОПР, являются основанием для государственных органов, загранучреждений, оператора и организаций для реализации вновь включенных проектов ОПР.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции приказа Министра иностранных дел РК от 15.05.2020 № 11-1-4/156 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

4. Взаимодействие государственных органов и организаций
по реализации проектов ОПР

      7. Государственные органы, загранучреждения, оператор и организации осуществляют реализацию проектов ОПР, предусмотренных в утвержденном плане мероприятий ОПР.

      Ответственным за реализацию проекта ОПР является оператор, а также государственный орган, организация, внесшие соответствующее проектное предложение.

      Реализацию плана выплат добровольных взносов в международные организации на ОПР осуществляет Министерство.

      8. Государственные органы в пределах своей компетенции осуществляют:

      организационно-техническое содействие по реализации проектов ОПР по запросу Министерства;

      экспертное содействие в реализации проектов ОПР;

      ежегодно не позднее 30 декабря предоставляют Министерству отчетную информацию по реализации проектов ОПР.

      9. Министерство при содействии государственных органов, оператора, загранучреждений, донор-партнеров и юридических лиц Республики Казахстан, рекомендованных для участия в реализации проектного предложения ОПР на постоянной основе осуществляет мониторинг реализации проектов ОПР.

      На основании мониторинга реализации проекта ОПР могут быть внесены изменения в план мероприятий ОПР и план выплат добровольных взносов в международные организации на ОПР в порядке, предусмотренном главой 3 Правил.

      10. Министерство ежегодно не позднее 10 февраля текущего финансового года предоставляет Правительству Республики Казахстан отчетную информацию о ходе реализации проектов ОПР в предыдущем финансовом году.