"Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 11-1-2/42 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 11-1-4/156 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 18 мамырда № 20650 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 11-1-2/42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10431 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы өзара іс-қимыл жасау қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Министрлік ұсынылған жобалық ұсыныстарды олардың сыртқы саяси орындылығы нысанасына сәйкестігін қарастырады.

      Жобалық ұсыныстарды іске асырудың сыртқы саяси орындылығы болған жағдайда, Министрлік оны тиісті жоспар жобасына енгізеді.

      Министрлік ағымдағы қаржылық жылдың 1 сәуіріне дейін кезекті қаржылық жылға:

      ДРК іс-шаралар жоспарын;

      ДРК-ге арналған халықаралық ұйымдарға ерікті жарналарды төлеу жоспарын әзірлейді.

      Республикалық бюджет бекітілген соң Министрлік тиісті жылдарға ДРК іс-шаралары жоспарын және ДРК-ға халықаралық ұйымдарға ерікті жарнаны төлеу жоспарын бекітеді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Сыртқы саяси орындылығын ескере отырып, Министрлік бекітілген бюджеттік қаражаттар шығындары шегінде ДРК іс-шаралар жоспарына және ДРК-ға халықаралық ұйымдарға ерікті жарнаны төлеу жоспарына түзетулер енгізеді және енгізілген өзгерістер туралы мемлекеттік органдар мен шет елдердегі мекемелерді хабардар етеді.

      ДРК іс-шаралар жоспарына және ДРК-ға халықаралық ұйымдарға ерікті жарнаны төлеу жоспарына енгізілген өзгерістер мемлекеттік органдар, шет елдердегі мекемелер, оператор және ұйымдар үшін ДРК-нің қайта қосылған жобаларын іске асыруға негіз болып табылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі М. Тілеуберді

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады