"Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру және ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 ақпандағы № 05/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 ақпанда № 2958 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 10/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қарағанды облысы әкімдігінің 13.03.2018 № 10/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін).

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1397 қаулысына, "Қарағанды облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын және атқарушы органдарының штат санының лимитін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 01/04 қаулысына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылсын.

      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      3. "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзгеде шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қарағанды облысының әкімі

Н. Әбдібеков



Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 04 ақпандағы
№ 04/02 қаулысымен бекітілді

"Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысы аумағында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері:

      Қазақстан Республикасы, 100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Төлепов көшесі, 14.

      9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

      мемлекеттік тілде: "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: государственное учреждение "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области".

      10. Осы Ереже "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

      Қарағанды облысы аумағында сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау саласында мемлекеттік саясаттың дамуына және жетілдіруіне ықпал ету.

      14. Міндеттері:

      Қарағанды облысы аумағында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру;

      Қарағанды облысының аумағында сәулет-құрылыс саласында лицензиялауды және аттестаттауды жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      құрылыстың сенімділігін және қауіпсіздігін, ведомстволық аумақта салынып жатқан объектілердің сенімді қызмет етуін қамтамасыз ету;

      ведомстволық аумақта жүзеге асырылып жатқан сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқару органдарымен өзара әрекеттесу;

      объектілердің құрылыс сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру, объектілерде мемлекеттік, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын мемлекетаралық нормативтердің және жобалау шешімдерінің сақталуын жүзеге асыру;

      ведомстволық аумақтағы объектiлерде құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету бойынша тапсырыс берушiлердiң техникалық қадағалау, жобаларды әзiрлеушiлердiң авторлық қадағалау және мердiгерлердiң (бас мердiгерлердiң) қадағалау қызметiне бақылауды жүзеге асыру;

      құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзе бастағаны туралы хабарламада көрсетiлген деректердiң анықтығын белгiлеу бойынша тексерудi жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiпте нормативтiк құқықтық актiлердi және сәулет-құрылыс қызметi саласындағы мемлекеттiк нормативтiк талаптарды бұзушыларға тиiстi шаралар қолдану;

      объектiлер мен кешендер бойынша қабылдау және мемлекеттiк қабылдау комиссияларының жұмыстарына қатысу;

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салынып жатқан объектілерге тексеріс өткізу;

      ведомстволық аумақта салынып жатқан объектілерге инспекциялауды өткізу;

      әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша іс жүргізуді талдау және жүргізу;

      құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаларды қабылдау;

      келіп түскен құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаларды, қол қойылған келіспеушілік актілерін, хабарламаларды қабылдау туралы берілген талондарды мониторингтеу және талдау;

      келіп түскен құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламалар, қол қойылған келіспеушілік актілері, хабарламаларды қабылдау туралы берілген талондар және мониторинг бойынша ақпаратты уәкілетті органға уақытылы жолдау;

      салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендердің мониторингі;

      тексерістер мен бақылау нәтижелерін жинақтау және талдау;

      мемлекеттік қызметтер көрсету;

      азаматтардың өтініштерін қарау;

      сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді және нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеуге (қайта пысықтауға) қатысу;

      мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, лицензиялау және аттестаттау мәселелері бойынша депутаттық сауалдарды, мемлекеттік органдардың хаттарын, жеке және заңды тұлғалардың, өзге де үкіметтік емес ұйымдардың өтініштерін қарау және оларға жауаптар дайындау.

      16. Құқықтары мен міндеттері:

      бекітілген заңнамалық тәртіпте соттарда құқықтар мен мүдделерін қорғауын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларға түсініктеме беру;

      "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелерді шешуге қажетті ақпараттарды және материалдарды, басқа мемлекеттік органдарынан және лауазымды тұлғалардан сұрау және алу;

      Қарағанды облысы әкімдігінің қарауына өз қызметінің барлық мәселелері бойынша және сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;

      сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласы субъектілерінен ведомствоға қарасты аумағында салынуы белгіленген және салынып (қайта жаңартылып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөнделіп) жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпараттарды сұрайды және алады;

      танысу үшін тапсырыс берушілерден құрылыс объектісі бойынша қажетті жобалау және атқару құжаттамаларын, сондай-ақ тиісті жобалардың сараптамалық қорытындысын сұрайды және алады;

      салынып (қайта жаңартылып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөнделіп) жатқан объектілер мен кешендерге кедергісіз кіреді және онда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарына жедел инспекция жүргізеді;

      бақылау мен қадағалаудың өзге нысандарын жүзеге асырған кезде объектілерге барады;

      мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалау шешімінен) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда нұсқама береді;

      сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманың белгіленген нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдайды;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асырады;

      ресми сұраным болған жағдайда заңнама шегінде өз құзыретінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсынады;

      "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің Ар-намыс Кодексінің нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

      "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы"мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша түсініктер береді;

      "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін басқа да міндеттерін орындайды.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      18. "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      19. "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшының орынбасарлары болады.

      20. "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

      "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін барлық ұйымдарда Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайлар мен шектерде ұсынады;

      белгіленген лимит шегінде облыс әкімдігіне бекіту үшін "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық кестесін, сондай-ақ, ондағы өзгерістерді ұсынады;

      "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ерекшеленген қызметкерін ынталандыру бойынша ұсыныстар енгізеді;

      жалпы басшылықты және "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

      мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;

      бұйрық шығарады, "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;

      актілердің жобаларын, облыстың тіршілік әрекетіне қатысы бар өзге де қызметтік құжаттарды әкімнің және облыс әкімдігінің бекітуіне ұсынады;

      әкімнің және облыс әкімдігінің қабылдаған актілерінің, сондай-ақ, облыс әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмаларының орындалуын ұйымдастырады;

      кадрлық саясатты жүзеге асыруға жауап береді. "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының аясында лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайды;

      өз құзыреті аясында қызметтік құжаттарға қол қояды;

      өз орынбасары мен басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен құзыреттерін анықтайды;

      мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау саласында Қазақстан Республикасы заңнамаларының орындалуына бақылау жасайды, оны бұзу фактілерін қарайды және өз құзыреті аясында олар бойынша шешім қабылдайды.

      "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттілігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруына немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

О создании государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области" и утверждении положения

Постановление акимата Карагандинской области от 4 февраля 2015 года № 05/02. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 11 февраля 2015 года № 2958. Утратило силу постановлением акимата Карагандинской области от 13 марта 2018 года № 10/01

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Карагандинской области от 13.03.2018 № 10/01 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года, Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", Законом Республики Казахстан от 16 июля 2001 года "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 25 августа 2014 года № 898 "О мерах по разграничению полномочий между уровнями государственного управления Республики Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2014 года № 1397 "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан", постановления акимата Карагандинской области от 9 января 2015 года № 01/04 "Об утверждении структуры местных государственных управлений и лимита штатной численности исполнительных органов Карагандинской области", акимат Карагандинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Создать государственное учреждение "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области".

      2. Утвердить положение государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области", согласно приложению к настоящему постановлению.

      3. Государственному учреждению "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области" принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима области.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня официального опубликования.

Аким Карагандинской области

Н. Абдибеков



Утверждено
постановлением акимата
Карагандинской области
от "4" февраля 2015 года
№ 05/02

Положение
о государственном учреждении "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере государственного архитектурно-строительного контроля и надзора на территории Карагандинской области.

      2. Государственное учреждение "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. Государственное учреждение "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать и штамп со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.

      4. Государственное учреждение "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. Государственное учреждение "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.

      6. Государственное учреждение "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.

      8. Местонахождение юридического лица:

      Республика Казахстан, 100000, Карагандинская область, город Караганда, улица Тулепова,14.

      9. Полное наименование государственного учреждения:

      на государственном языке: "Қарағанды облысы сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      на русском языке: государственное учреждение "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области".

      10. Настоящее положение является учредительным документом

      государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области".

      11. Финансирование деятельности государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области" осуществляется из местного бюджета.

      12. Государственному учреждению "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области".

      Если государственному учреждению "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности
государственного органа

      13. Миссия: государственное учреждение "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области" оказывает:

      содействие развитию и совершенствованию государственной политики в сфере архитектурно-строительного контроля и надзора на территории Карагандинской области.

      14. Задачи:

      осуществление государственного архитектурно-строительного контроля и надзора на территории Карагандинской области;

      осуществление лицензирования и аттестации в сфере архитектурно-строительной деятельности на территории Карагандинской области;

      осуществление иных задач, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

      15. Функции:

      обеспечение надежности и безопасности строительства, устойчивого функционирования строящихся объектов на подведомственной территории;

      взаимодействие с центральными и местными исполнительными органами по вопросам архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, осуществляемой на подведомственной территории;

      осуществление государственного архитектурно-строительного контроля за качеством строительства объектов, соблюдением на объектах государственных, а также межгосударственных нормативов, действующих на территории Республики Казахстан и проектных решений;

      осуществление контроля за деятельностью технического надзора заказчиков, авторского надзора, разработчиков проектов и подрядчиков (генеральных подрядчиков) по обеспечению качества строительно-монтажных работ на объектах на подведомственной территории;

      осуществление проверок по установлению достоверности данных, указанных в уведомлении о начале производства строительно-монтажных работ;

      применение в установленном законодательством Республики Казахстан порядке соответствующих мер к нарушителям нормативных правовых актов и государственных нормативных требований в сфере архитектурно-строительной деятельности;

      участие в работе приемочных и государственных приемочных комиссий по объектам и комплексам;

      проведение проверок строящихся объектов в соответствии с Законом Республики Казахстан от 6 января 2011 года "О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан";

      проведение инспектирования строящихся объектов на подведомственной территории;

      анализ и ведение делопроизводства по делам об административных правонарушениях;

      прием уведомлений о начале строительно-монтажных работ;

      мониторинг и анализ поступивших уведомлений о начале производства строительно-монтажных работ, подписанных актов разногласий, выданных талонов о приеме уведомлений;

      своевременное направление в уполномоченный орган информации по поступившим уведомлениям о начале производства строительно-монтажных работ, подписанным актам разногласий, выданным талонам о приеме уведомлений и мониторингу;

      мониторинг строящихся (реконструируемых, расширяющихся, модернизуемых, капитально ремонтируемых) объектов и комплексов;

      обобщение и анализ результатов проверок и контроля;

      оказание государственных услуг;

      рассмотрение обращений граждан;

      участие в разработке (переработке) нормативных правовых и нормативно-технических актов, направленных на совершенствование законодательства в области архитектурно-строительного контроля и лицензирования;

      рассмотрение и подготовка ответов по депутатским запросам, письмам государственных органов, обращениям физических и юридических лиц, иных неправительственных организаций по вопросам государственного архитектурно-строительного контроля, лицензирования и аттестации.

      16. Права и обязанности:

      организовывать и осуществлять в установленном законодательством порядке защиту прав и интересов в судах;

      давать юридическим и физическим лицам разъяснения по вопросам, отнесенным к компетенции государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области";

      запрашивать и получать от иных государственных органов и должностных лиц информацию, документы и материалы, необходимые для решения вопросов, отнесҰнных к компетенции государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области";

      вносить предложения на рассмотрение акимата Карагандинской области по всем вопросам своей деятельности и вопросам архитектуры, градостроительства и строительства;

      запрашивать у субъектов архитектурной, градостроительной и строительной деятельности и получать от них информацию о намечаемых к строительству и строящихся (реконструируемых, расширяющихся, модернизируемых, капитально ремонтируемых) на подведомственной территории объектах и комплексах;

      запрашивать у заказчиков и получать от них для ознакомления необходимую проектную и исполнительную техническую документацию по данной стройке, а также заключения экспертизы соответствующих проектов;

      беспрепятственно посещать и проводить оперативное инспектирование проводимых строительно-монтажных работ на строящихся (реконструируемых, расширяющихся, модернизируемых, капитально ремонтируемых) объектах и комплексах;

      посещать объекты при осуществлении иной формы контроля и надзора;

      выдавать предписания, при выявлении допущенных нарушений государственных нормативов и (или) отклонений от утвержденных проектов (проектных решений);

      принимать решения о применении к нарушителям предусмотренных законодательством мер в связи с допущенными нарушениями и отклонениями от норм законодательства, государственных нормативных требований, условий и ограничений, установленных в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности;

      осуществлять иные права в соответствии с действующим законодательством;

      представлять необходимые материалы и справки в пределах своей компетенции и в рамках законодательства в случае официального запроса;

      обеспечивать соблюдение работниками государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области" норм Кодекса чести административных государственных служащих;

      давать разъяснения по вопросам, входящим в компетенцию государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области";

      выполнять иные обязанности, входящие в компетенцию государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области".

3. Организация деятельности государственного органа

      17. Руководство государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области" задач и осуществление им своих функций.

      18. Первый руководитель государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области" назначается на должность и освобождается от должности акимом Карагандинской области.

      19. Первый руководитель государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области" имеет заместителя, который назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      20. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области":

      представляет интересы государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области" во всех организациях, в случаях и пределах, установленных законодательством Республики Казахстан;

      в пределах установленного лимита представляет на утверждение акимата области структуру и штатное расписание государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области", а также изменения в них;

      вносит предложения по поощрению отличившихся работников государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области";

      осуществляет общее руководство и координацию деятельности структурных подразделений государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области";

      контролирует исполнение законодательства о государственной службе;

      издает приказы, утверждает положения об отделах государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской;

      представляет на утверждение акима и акимата области проекты актов, других служебных документов, касающихся жизнедеятельности области;

      организует исполнение принятых актов акима и акимата области, а также поручений акима области и его заместителей;

      отвечает за реализацию кадровой политики. Назначает и освобождает от должности сотрудников государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области", рассматривает вопрос о привлечении к дисциплинарной ответственности должностных лиц, в рамках действующего законодательства Республики Казахстан;

      подписывает служебные документы в пределах своей компетенции;

      определяет обязанности и полномочия, устанавливает степень ответственности своего заместителя и руководителей структурных подразделений государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области";

      осуществляет контроль за исполнением законодательства Республики Казахстан в сфере государственного архитектурно-строительного контроля и надзора, рассматривает факты его нарушения и принимает по ним решения в пределах своей компетенции.

      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      21. Первый руководитель определяет полномочия своего заместителя в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      22. Государственное учреждение "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      23. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области", относится к коммунальной собственности.

      24. Государственное учреждение "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      25. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Карагандинской области" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.