Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығы.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының жинақы және тиімді атқарушы билігін құруға, мемлекеттік басқару жүйесін реттеу мен оның тиімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мақсатында және біртұтас мемлекеттік құрылыс қағидаттарына негіздей отырып ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы функциялар мен өкілеттіктердің аражігін ажыратуға, орталық және жергілікті атқарушы органдардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыруға негізделген мемлекеттік басқарудың мынадай қағидаттары айқындалсын:

      1) атқарушы органдар жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық етуді жүзеге асыратын орган ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне мынадай негізгі бағыттар бойынша:

      мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуінің негізгі бағыттарын әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру;

      мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру;

      мемлекеттің сыртқы саясатын жүргізу жөніндегі шараларды тұжырымдау;

      мемлекеттік валюталық, қаржылық және материалдық ресурстарды құру мен пайдалану кезінде заңдылықтың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;

      еңбекақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйесі мен шарттарын қалыптастыру;

      құқықтық саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілеттілігін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекараларының аумақтық біртұтастығы мен қорғалуын қамтамасыз ету шараларын әзірлеу және іске асыру;

      Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функциялар мен бағыттарды жүзеге асыру бойынша функциялар жүктелсін;

      2) орталық атқарушы органдарға:

      өздерінің құзыреті шегінде стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру;

      басқарудың тиісті саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

      тиісті салада (аяда) мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

      орталық және жергілікті атқарушы органдардың тиісті салада (аяда) мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      министрліктердің өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру;

      нормативтік құқықтық актілерді, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды орындау, тиісті саладағы (аядағы) мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу;

      жеке кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды белгілеу және бекіту;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу және бекіту;

      мемлекеттік қызметтер көрсету;

      орталық атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, Президенті мен Үкіметінің актілерімен жүктелген өзге де функциялар мен бағыттарды жүзеге асыру жүктелсін;

      3) орталық атқарушы органдардың құрамына кіретін ведомстволарға:

      ведомствоның құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру және ведомствоның құзыреті шегінде орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;

      адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және министрліктердің актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

      құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды және қағадалауды жүзеге асыру;

      ведомствоның өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру;

      ведомствоға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функциялар мен бағыттарды жүзеге асыру жүктелуі мүмкін;

      4) жергілікті атқарушы органдарға:

      тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жергілікті маңызы бар міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру;

      атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясат жүргізуін тиісті аумақтың мүдделерімен және даму қажеттіліктерімен үйлесімде қамтамасыз ету;

      жергілікті маңызы бар міндеттердің шешілуін және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;

      коммуналдық меншікті басқару;

      аумақтарды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;

      тиісті аумақ шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды және қағадалауды жүзеге асыру;

      тиісті аумақта қоғамдық тәртіпті сақтау мен қауіпсіздік жөніндегі қызметті қамтамасыз етуге қатысу;

      жергілікті маңызы бар мемлекеттік қызметтер көрсету;

      жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктер жүктелсін.

      2. Осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес функциялар осы Жарлықтың 1-тармағында белгіленген өкілеттіктердің аражігін ажырату қағидаттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметінен орталық атқарушы органдардың қарамағына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қарамағына берілсін.

      3. Осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес функциялар орталық атқарушы органдардан тиісті орталық атқарушы органдардың қарамағына берілсін.

      4. Осы Жарлыққа 3-қосымшаға сәйкес функциялар орталық атқарушы органдардан жергілікті атқарушы органдардың қарамағына берілсін.

      5. Осы Жарлыққа 4-қосымшаға сәйкес функциялар облыстардың, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарынан аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының қарамағына берілсін.

      6. Осы Жарлыққа 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік функциялар мемлекеттік емес сектор саласына берілсін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жекелеген функциялары алып тасталсын.

      7. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) басқару тиімділігі және жеделдігін қамтамасыз ету мақсатында министрліктер мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, штат санын беру және республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру мәселелері бойынша қажетті шаралар қабылдасын;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша орталық атқарушы органдар мен ведомстволар арасында олардың салалық ерекшеліктеріне сәйкес функциялар мен міндеттердің бөлінуін қамтамасыз етсін;

      3) осы Жарлықта айқындалған өкілеттіктердің аражігін ажырату қағидаттарына сәйкес қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген және осы Жарлыққа қосымшаларда көрсетілмеген өзге де функциялардың қайта бөлінуін қамтамасыз етсін;

      4) 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін осы Жарлықты іске асыруға бағытталған заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін;

      5) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдасын.

      8. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 36, 474-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ алып тасталсын.

      9. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      10. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 25 тамыздағы
№ 898 Жарлығына
1-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасының Үкіметінен орталық атқарушы
органдардың қарамағына, сондай-ақ жергілікті атқарушы
органдардың қарамағына берілетін функциялардың
ТІЗБЕСІ
1. Қазақстан Республикасының Үкіметінен орталық атқарушы
органдардың қарамағына берілетін функциялардың
ТІЗБЕСІ

      1. Салықтар және кеден ісі саласында:

      1) кеден өкілінің кеден органдарына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілік ұсыну тәртібін бекіту;

      2) кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларды есепке алуды жүргізу тәртібін бекіту және кеден органдарына осындай тауарларды, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, тасымалдау туралы есептілік ұсыну;

      3) сақталатын тауарларды есепке алуды жүргізу тәртібін бекіту және кеден органдарына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, олар туралы есептілік ұсыну;

      4) кедендік қоймада сақталатын тауарларды есепке алуды жүргізу тәртібін бекіту және кеден органдарына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, осындай тауарлар туралы есептілік ұсыну;

      5) кеден органдарының еркін қоймалардың иелерімен өзара қарым-қатынастары тәртібін бекіту;

      6) кеден органдарының арнайы экономикалық аймаққа қатысушылармен өзара қарым-қатынастары тәртібін бекіту;

      7) "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Кодексімен және Кеден одағының Кеден кодексімен реттелмеген кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың бюджеттен артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын қайтару (есепке алу), бюджетке аудару қағидаларын бекіту;

      8) кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке түсімдерін есепке алу, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Кодексімен реттелмеген бөлігінде төлеушінің жеке шоттарын жүргізу тәртібін бекіту;

      9) кеден органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу тәртібін бекіту;

      10) әкету кедендік баждарының, салықтар мен кедендік алымдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріліп алынған сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын, кедендік баждар, салықтар төлеуді қамтамасыз ету сомаларын қайтару (есепке алу) тәртібін бекіту;

      11) әкелу кедендік баждарының артық (қате) төленген немесе артық өндіріліп алынған сомаларын қайтару (есепке алу) тәртібін бекіту;

      12) кедендік бақылаудың техникалық құралдары тізбесін және қолданылу тәртібін бекіту;

      13) кедендік бақылау мақсаттары үшін кеден органдарының су және әуе кемелерін пайдалану тәртібін бекіту;

      14) кедендік бақылаудағы тауарларды есепке алу тәртібі мен нысанын бекіту;

      15) Қазақстан Республикасының кеден органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін бекіту;

      16) ұсталған тауарларды сақтау бойынша шығыстарды өтеу тәртібін бекіту;

      17) тауарларды сату, жою немесе өзгеше пайдалану тәртібін бекіту;

      18) кедендік сүйемелдеу тәртібін бекіту;

      19) кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлар сынамалары мен үлгілерін іріктеу тәртібін бекіту;

      20) кеден органдарының лауазымды адамдарының тауарларды кедендік тазартуды жүргізу тәртібін бекіту;

      21) бажсыз сауда жасау дүкендерінде тауарларды сату тәртібін бекіту;

      22) тіркелген активтердің түсуі және кетуі кезінде құнын айқындау тәртібін бекіту;

      23) электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібін белгілеу;

      24) көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау тәртібін айқындау;

      25) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өту және рұқсат ету құжаттарын беру тәртібін белгілеу;

      26) радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру тәртібін белгілеу;

      27) алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау тәртібін белгілеу;

      28) акциздік тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бекіту;

      29) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау және беру қағидаларын бекіту;

      30) акциздік тауарлардың жекелеген түрлерін ресімдеу, тапсырыс беру, алу, беру, есепке алу, сақтау және олардың ілеспе жүкқұжаттарын ұсыну қағидаларын бекіту;

      31) акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру тәртібін бекіту;

      32) салықтық есептілік нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту;

      33) тауарларды әкелу туралы өтінішті алу және жанама салықтарды төлеу туралы хабарлама нысанын бекіту.

      2. Сауда саласында:

      1) ішкі сауда қағидаларын бекіту;

      2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағаларының және олардың шекті жол берілетін бөлшек сауда бағалары мөлшерінің шекті мәндерін белгілеу тәртібін бекіту;

      3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту;

      4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларының мөлшерлерін бекіту;

      5) биржалық сауданың үлгі қағидаларын бекіту;

      6) тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту.

      3. Мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау, аудит қызметі, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік саласында:

      1) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекеттік мекемелердің шоттар ашуы, жүргізуі және жабуы тәртібін бекіту;

      2) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркеу және есепке алу тәртібін бекіту;

      3) бюджеттен субсидиялар төлеу тәртібін бекіту;

      4) нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру тәртібін бекіту;

      5) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау тәртібін бекіту;

      6) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бекіту;

      7) кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу тәртібін бекіту;

      8) бухгалтерлік есепке алуды жүргізу тәртібін бекіту;

      9) бюджетті атқару және оның кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту;

      10) инвестициялық ұсынысты әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту;

      11) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдер қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындау;

      12) электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту;

      13) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіпке сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу.

      4. Сәулет, қала құрылысы қызметі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау саласында:

      1) реттелетін қызмет көрсетулерді тұтынушыларға тең жағдайлар ұсыну тәртібін бекіту;

      2) сумен жабдықтау саласында жеке тұлғалардың реттелетін қызмет көрсетулерді тұтыну көлемінің негізделген шамасын айқындау тәртібін белгілеу;

      3) табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызмет көрсетулерді тұтынушылармен жасасатын үлгі шарттарды бекіту;

      4) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын бекіту тәртібін айқындау;

      5) жария тыңдаулар өткізу тәртібін айқындау;

      6) сатып алуды жүргізу тәртібін айқындау;

      7) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаны айқындау тәртібін әзірлеу;

      8) тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізуге шекті бағалардың деңгейін белгілеу;

      9) салынып жатқан (салынуы көзделген) объектілер мен кешендерге мониторинг жүргізу тәртібін айқындау;

      10) сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту;

      11) техникалық регламенттерді бекіту;

      12) сәулет-құрылыстық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау тәртібін белгілеу;

      13) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарды тарту тәртібін белгілеу;

      14) сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау тәртібін бекіту;

      15) сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметі істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның жергілікті атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметі саласындағы қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;

      16) авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту;

      17) ғимараттар мен құрылыстарды жобалаудың техникалық және (немесе) технологиялық күрделі объектілеріне жатқызу қағидаларын бекіту;

      18) құрылыс салудың үлгі қағидаларын бекіту;

      19) жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғаудың үлгі қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту.

      5. Жер қатынастары, геодезия және картография, тұрғын үй қатынастары саласында:

      1) республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар тізбесін бекіту;

      2) геодезия және картография саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинақтау, сақтау және пайдалану қағидаларын бекіту;

      4) геодезиялық пункттерді қорғау туралы қағидаларды бекіту;

      5) орман қоры жерлерін орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттар жерлеріне аудару тәртібін бекіту;

      6) мемлекеттік жер кадастрын жүргізу және жерлерді мониторингтеу тәртібін бекіту;

      7) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды құрылыстар салу үшін беру қағидаларын бекіту;

      8) жер учаскелеріне құқықтарды жеке тұрғын үй құрылысына беру қағидаларын бекіту;

      9) ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюға байланысты болған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативтерін белгілеу;

      10) алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сомаларды есепке ала отырып, шығындарды өтеу тәртібін бекіту;

      11) жерді мониторингтеуді жүргізу және оның деректерін пайдалану тәртібін бекіту;

      12) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстау қағидаларын бекіту;

      13) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібін айқындау.

      6. Қорғаныс саласында:

      1) жоғары оқу орындарында және жоғары кәсіби білім беру ұйымдары жанындағы әскери факультеттерде әскери даярлау қағидаларын бекіту;

      2) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу туралы қағидаларды бекіту;

      3) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын ведомствоаралық актімен бекіту;

      4) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери атташелер аппараты қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыру және қызметін өткеру қағидаларын бекіту;

      5) олардың жедел басқаруындағы әскери мүлікті есепке алуды жүргізу;

      6) жергілікті әскери басқару органдары туралы ережені бекіту;

      7) авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидаларын бекіту;

      8) заттай және өзге мүлік түрімен жабдықтау нормаларын бекіту;

      9) азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларын бекіту;

      10) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ оқу-материалдық базасын қалыптастыру тәртібін бекіту;

      11) жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасын бекіту;

      12) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидаларын бекіту;

      13) әскери жиындарға шақыруды жүзеге асыру;

      14) ұшу жұмыстарында, корабльдік қызметте болатын, жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік қызмет атқаратын әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ұзақтығы 40 тәулік жыл сайынғы негізгі демалыс беру құқығын беретін қызмет өткеру жерлерінің тізбесін бекіту;

      15) мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге, әскери оқу орындарының бірінші және екінші курстарының курсанттарына почта жөнелтілімдері үшін ақшалай өтемақы мөлшерін бекіту;

      16) арнайы көлік құралдарының тізбесін бекіту;

      17) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту.

      7. Жер қойнауын пайдалану және қоршаған орта саласында:

      1) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту;

      2) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын әзірлеу;

      3) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлеу;

      4) қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенімгерлік басқаруға беру тәртібін бекіту;

      5) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін бекіту;

      6) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау критерийлерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібін бекіту;

      7) келісімшарттар талаптарын орындаудың сақталуын мониторингтеу мен бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындау;

      8) жер қойнауына мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру тәртібін белгілеу;

      9) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларының сараптамасын жүзеге асыру қағидаларын белгілеу;

      10) пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды бекіту;

      11) мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге шығару қағидаларын бекіту;

      12) пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік теңгерімге қосу және оларды мемлекеттік теңгерімнен шығару тәртібін белгілеу;

      13) кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін белгілеу;

      14) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге арналған келісімшартты (шартты) жасасу тәртібін белгілеу;

      15) табиғи ресурстардың әрбір түрін мемлекеттік есепке алу, мемлекеттік кадастрын және мемлекеттік мониторингін жүргізу тәртібін бекіту;

      16) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу тәртібін айқындау;

      17) парниктік газ шығарындыларына квоталар беру тәртібін белгілеу.

      8. Арнайы экономикалық аймақтар, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласында:

      1) басқарушы компанияны басқару үшін тұлғаларға конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды бекіту;

      2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту;

      3) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және олардың қоршау конструкцияларының бөлігі болып табылатын элементтерінің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу;

      4) сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту;

      5) технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту;

      6) тауар шығарылған елді айқындау және тауардың шығу тегі туралы сертификат беру жөніндегі қағидаларды бекіту;

      7) өнімді таңбалау тәртібін белгілеу.

      9. Көлік және коммуникация саласында:

      1) жаңа магистральдық жолдар салу жөнінде шешімдер қабылдау;

      2) магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларын бекіту;

      3) магистральдық, станциялық және кірме жолдарда жүру қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеру қағидаларын бекіту;

      4) жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын бекіту;

      5) тасымалдаушының әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту;

      6) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту;

      7) теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту;

      8) теміржол вокзалдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту;

      9) жолаушыларды облысаралық және халықаралық қатынастарда тасымалдауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту;

      10) теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту;

      11) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне бағаларды айқындау әдістемесін бекіту;

      12) әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастардың тізбесін айқындау;

      13) механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігі қағидаларын бекіту;

      14) техникалық байқау операторларының тізілімін жүргізу тәртібін бекіту;

      15) міндетті техникалық байқау жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту;

      16) шұғыл шақыру жүйесі операторының функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындау;

      17) шұғыл шақыру жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекіту;

      18) автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту;

      19) жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларын бекіту;

      20) әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту;

      21) автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту;

      22) Қазақстан Республикасының аумағында жүк тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдарының жүру тәртібін айқындау;

      23) автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту;

      24) халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидаларын бекіту;

      25) Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль көлігімен тасымалдауға рұқсат берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту;

      26) автомобиль жолдарын пайдалану қағидаларын бекіту;

      27) жалпы пайдаланымдағы халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуді және күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтерін бекіту;

      28) автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағында жүргені үшін алымдар төлеу тәртібін және мөлшерлемелерін бекіту;

      29) жалпы пайдаланымдағы халықаралық және республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдары мен көпір өткелдерін пайдаланудың тәртібі мен шарттарын бекіту;

      30) жалпы пайдаланымдағы халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолын (жол бөлігін) ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау;

      31) жалпы пайдаланымдағы халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының, оның ішінде қорғаныстық пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту;

      32) жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыру тәртібін бекіту;

      33) астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуді және күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтерін бекіту;

      34) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларын бекіту;

      35) ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларын бекіту;

      36) азаматтық және эксперименттік авиацияның авиация персоналының аттестаттауға жататын лауазымдары мен кәсіптерінің тізбесін бекіту;

      37) жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларын бекіту;

      38) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарын қолдануға жіберу қағидаларын бекіту;

      39) азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту;

      40) азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту;

      41) Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту;

      42) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту;

      43) Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту;

      44) әуе кемелерін ұшу алдында және арнайы қарап тексеру қағидаларын бекіту;

      45) авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат беру қағидаларын бекіту;

      46) жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту;

      47) кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту;

      48) жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту;

      49) кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту;

      50) кемелермен тасымалдауға арналған қауіпті жүктердің тізбесін бекіту;

      51) Ұлттық теңіз тасымалдаушысын айқындау және оның ережесін бекіту;

      52) теңіз портының міндетті түрде көрсететін қызметтерінің тізбесін бекіту;

      53) кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту;

      54) ішкі су жолдарында жүзу қағидаларын бекіту;

      55) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын бекіту;

      56) есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту тәртібін бекіту.

      10. Энергетика, мұнай және газ, өнеркәсіп саласында:

      1) энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту;

      2) электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту;

      3) электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту;

      4) жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту;

      5) тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту;

      6) энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігінің қағидаларын бекіту;

      7) иондаушы сәулелендіру әсеріне байланысты аурулардың тізбесін және себептік байланысын анықтау тәртібін бекіту;

      8) теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу тәртібін бекіту;

      9) мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту;

      10) ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру тәртібін бекіту;

      11) газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту;

      12) тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану тәртібін бекіту;

      13) магистральдық мұнай құбырларын пайдалану қағидаларын және магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидаларын бекіту;

      14) магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту;

      15) мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру тәртібін бекіту;

      16) бірыңғай оператордың мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға жеткізу бойынша мұнай өнімдерін жеткізу қағидаларын бекіту.

      11. Ауыл шаруашылығы, су ресурстары, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласында:

      1) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану тәртібін және агент көрсететін қызметтерге төленетін ақының мөлшерін бекіту;

      2) астық өндіруді мемлекеттік қолдау саласында саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және оларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;

      3) астықты экспорттаушылардың мемлекеттік ресурстарға экспортталатын көлемге пайыздық арақатынаста есептелетін астық жеткізу көлемін айқындау;

      4) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астықты сақтауды, беруді, астық қолхаттары айналымы және өтеу, нан қабылдау өнеркәсібін уақытша басқаруды жүргізу, электрондық астық қолхаттары жүйесін пайдалану қағидаларын бекіту;

      5) аса қауіпті зиянды организмдердің тізбесін бекіту;

      6) пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу, өндірістік сынақтар мен мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту;

      7) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, табыс ету тәртібін бекіту;

      8) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту;

      9) ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау қағидаларын бекіту;

      10) өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерін аттестаттау тәртібін бекіту;

      11) ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту;

      12) шектеу іс-шаралары мен карантинді белгілеу және алып тастау қағидаларын бекіту;

      13) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ережені бекіту;

      14) биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою тәртібін бекіту;

      15) тиісті аумақтардағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді экспорттауға, импорттауға және транзиттеуге рұқсат беру тәртібін бекіту;

      16) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесін бекіту;

      17) Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды бекіту;

      18) оларға қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін бекіту;

      19) әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптарды бекіту;

      20) уәкілетті органның ұсынысы бойынша тұқымның мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану тәртібін, олардың құрылымы мен көлемін айқындау;

      21) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген бірегей және элиталық сорттардың тұқымдарын өндіруді, іске асыруды және сатып алуды субсидиялау тәртібін айқындау;

      22) сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сорттық сынақтардан өткізуді, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру тәртібін бекіту;

      23) тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту;

      24) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту;

      25) акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту;

      26) басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі-егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын бекіту;

      27) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту;

      28) топырақты агрохимиялық зерттеп тексеру жүргізу қағидаларын бекіту;

      29) мақта талшығы сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру қағидаларын бекіту;

      30) мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын бекіту;

      31) шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларын бекіту;

      32) биоотын өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу және қолдау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;

      33) алғаш өндірілген (дайындалған) және Қазақстан Республикасының аумағына алғаш әкелінетін (импортталатын) жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеу тәртібін бекіту;

      34) жеке және заңды тұлғалардың бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды пайдалану тәртібін бекіту;

      35) асыл тұқымды мал мәртебесін беру тәртібін бекіту;

      36) асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарын айқындау;

      37) суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттік су кадастры мен су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізу тәртібін айқындау;

      38) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындау;

      39) мемлекеттік орман қоры аумағында шайырды, ағаш шырынын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау, орманды жанама пайдалану қағидаларын бекіту;

      40) орман қорын мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту;

      41) ормандарды қалпына келтіру және орман өсіру қағидаларын бекіту;

      42) мемлекеттік орман қоры аумағында өрт келтірген залалды есепке алу, айқындау және өтеу қағидаларын бекіту;

      43) мемлекеттік орман күзеті туралы ережені бекіту;

      44) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту;

      45) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту;

      46) жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын бекіту;

      47) аңшылық алқаптарды және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту бойынша конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;

      48) аквамәдениетті дамыту үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін пайдалану қағидаларын бекіту;

      49) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесін бекіту.

      12. Білім және ғылым саласында:

      1) білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарын әзірлеу тәртібін айқындау;

      2) мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру тәртібін айқындау;

      3) білім беруді мониторингтеуді жүзеге асыру тәртібін белгілеу;

      4) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту;

      5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін бекіту;

      6) орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту.

      13. Денсаулық сақтау саласында:

      1) денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтерді көрсету тәртібі мен шарттарын айқындау;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу тәртібін айқындау;

      3) азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету тәртібін айқындау;

      4) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасына бағалау жүргізу қағидаларын бекіту;

      5) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту;

      6) еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру тәртібін бекіту;

      7) медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;

      8) денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу тәртібін айқындау;

      9) медициналық көмек көрсету тәртібін бекіту;

      10) әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-элеуметтік көмек көрсету тәртібін бекіту;

      11) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетудің түрлерін, көлемдерін, тәртібін, сондай-ақ азаматтарды, алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту тәртібін бекіту;

      12) консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тәртібін бекіту;

      13) стационарлық көмек көрсету тәртібін бекіту;

      14) стационарды алмастыратын көмек көрсету тәртібін бекіту;

      15) жедел медициналық көмек көрсету тәртібін бекіту;

      16) санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету тәртібін бекіту;

      17) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту тәртібін бекіту.

      14. Еңбек және әлеуметтік қорғау саласында:

      1) азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібін айқындау;

      2) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекіту;

      3) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекіту;

      4) жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекіту;

      5) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес әлеуметтік қызметтер көрсету тәртібін бекіту;

      6) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту;

      7) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту;

      8) отбасының жиынтық табысын есептеу тәртібін бекіту;

      9) жәрдемақы тағайындау тәртібін айқындау;

      10) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртібін айқындау.

      15. Мәдениет және өнер саласында:

      1) мәдениет саласындағы мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын айқындау;

      2) мемлекет меншігіндегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысының мөлшерлемелерін белгілеу;

      3) тарих және мәдениет ескерткіштерін күзету және күтіп-ұстау қағидаларын бекіту.

      16. Өзге салаларда:

      1) мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және пайдаланушыларға одан мәліметтер ұсыну тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту;

      2) акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін айқындау;

      3) мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын орындау бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін айқындау;

      4) байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау тәртібін бекіту;

      5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту;

      6) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту;

      7) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгі шартты бекіту;

      8) ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібін айқындау;

      9) статистикалық жұмыстар жоспарын бекіту;

      10) оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін және оларды электрондық нысанға ауыстыру мерзімдерін бекіту;

      11) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу қағидаларын бекіту;

      12) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту;

      13) сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін бекіту;

      14) туристік қызмет көрсету қағидаларын бекіту;

      15) біліктілік талаптары мен ойын бизнесі саласында лицензияланатын қызмет түрлеріне құжаттардың тізбесін қоспағанда, біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту;

      16) ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту;

      17) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны, лицензия нысанын және (немесе) лицензияға қосымшаны алу және қайта ресімдеу үшін өтініштердің нысандарын бекіту;

      18) екінші санаттағы рұқсаттар алу үшін өтініштердің нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттар нысандарын бекіту;

      19) заңда рұқсат беру тәртібі енгізілген рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және қызметті немесе іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру қағидаларын бекіту;

      20) хабарламалар нысандарын және мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту, хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау;

      21) рұқсаттар мен хабарламалардың электрондық мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту;

      22) рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және оны пайдалану қағидаларын бекіту.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметінен жергілікті атқарушы
органдардың қарамағына берілетін функциялардың
ТІЗБЕСІ

      1. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін пайдалану тәртібі мен шарттарын бекіту.

      2. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолын (учаскесін), астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау.

      3. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы ақылы автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту.

      4. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы ақылы автомобиль жолымен, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерімен жүріп өту үшін ақыны өндіріп алу қағидаларын бекіту.

      5. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту.

      6. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары индекстерінің атауларын бекіту.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 25 тамыздағы
№ 898 Жарлығына
2-ҚОСЫМША

Орталық атқарушы органдардан тиісті орталық атқарушы
органдардың қарамағына берілетін функциялардың
ТІЗБЕСІ

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінен:

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне:

      бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатудың шекті бағаларын белгілеу;

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне:

      инвестицияларды қолдау мен қолайлы инвестициялық ахуал жасаудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру;

      индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын операторларды айқындау.

      2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне – бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын келісу жөніндегі және ішкі нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада сатудың шекті бағаларын келісу.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне республикалық меншікке айналған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру.

      4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен және жергілікті атқарушы органдардан Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалар жүргізу.

      5. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне мәдениет, өнер және спорт саласындағы білім беру қызметін ұйымдастыру.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 25 тамыздағы
№ 898 Жарлығына
3-ҚОСЫМША

Орталық атқарушы органдардан жергілікті атқарушы органдардың
қарамағына берілетін функциялардың
ТІЗБЕСІ

      1. Жер қатынастары, құрылыс, тұрғын үй қатынастары саласында:

      1) мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгіленген режимін сақтауы;

      2) жер учаскелерінің меншік иелері мен жерді пайдаланушылардың жерлердің бар екені, жай-күйі мен пайдаланылуы туралы мәліметтерді мемлекеттік органдарға уақтылы ұсынуы;

      3) жер учаскелерін өз еркімен алуға жол бермеу;

      4) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын сақтау;

      5) өздеріне жер учаскелерін беру жөніндегі азаматтардың өтініштерін (қолдаухаттарын) қараудың белгіленген мерзімін сақтау;

      6) жер учаскелерінің меншік иелері мен жерді пайдаланушылардың жердің құнарлылығын қалпына келтіру мен сақтау жөніндегі ұйымдастырушылық-шаруашылық, агротехникалық, орман-мелиоративтік және гидротехникалық эрозияға қарсы іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізу;

      7) жерлердің жай-күйіне әсер ететін тұрғын және өндірістік объектілерді жобалау, орналастыру және салу;

      8) жерлерді жақсарту, топырақ эрозиясы, тұздалу, батпақтану, су басу, шөлдену, құрғау, қайта тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердің тозуына алып келетін басқа процестер салдарының алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды уақтылы және сапалы орындау;

      9) межелік белгілерді сақтау;

      10) жергілікті атқарушы органдар уақытша пайдалануға берген жерлерді уақтылы қайтару;

      11) бұзылған жерлерді рекультивациялау;

      12) жерлердің бұзылуына байланысты жұмыстар жүргізген кезде топырақтың құнарлы қабатын алу, сақтау және пайдалану;

      13) жерге орналастыру жобалары мен жерлерді пайдалану және қорғау жөніндегі басқа жобаларды бекіту;

      14) жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      15) анықталған жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде орындау үшін міндетті нұсқамалар беру;

      16) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау;

      17) Қазақстан Республикасы Жер кодексінде көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап-арыздар дайындау және беру;

      18) егер құрылыс, пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру, объектілерді пайдалану, геологиялық барлау және басқа да жұмыстар жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылса, сондай-ақ осы жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізілсе, оларды тоқтата тұру;

      19) жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Жер кодексінде белгіленген міндеттемелерді орындамаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар мен олардың арасында жасалған, жерді уақытша пайдалану туралы шарттарды біржақты тәртіппен бұзу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органға ұсыныстар енгізу;

      20) пайдаланылмайтын не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлерді анықтау және мемлекеттік меншікке қайтару;

      21) құрылыс және тұрғын үй қатынастары саласындағы бақылау және қадағалау;

      22) ашық және жабық аумақтарда кеміргіштерді жою жөніндегі дезинсекциялық және дератизациялық жұмыстарды, таяз су айдындары мен ашық аумақтарда шыбын-шіркейді жою жұмысын жүргізуді ұйымдастыру;

      23) коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерге (тұрғын үй қоры, ойын-сауық, сауда және қонақ үй кешендері) бекітілген қауіпті техникалық құрылғыларды (лифтілерді, экскалаторларды, фуникулерлерді) пайдаланатын ұйымдардың кондоминиум объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      24) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау мен аттестаттау;

      25) бас жоспарды бекіту;

      26) жеке және заңды тұлғалардың жобалау-іздестіру, сарапшылық, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды өндіру бойынша жұмыстарды орындауын бақылау және қадағалау.

      Тиісті саладағы орталық атқарушы органның қарамағында мынадай:

      жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығын бақылауды, жер заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою бойынша орындау үшін міндетті нұсқамалар беруді жүзеге асыру жөніндегі;

      геодезиялық және картографиялық қызметті мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі;

      жерлерге мониторинг жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі;

      мемлекеттік жер кадастрын жүргізу дұрыстығына бақылауды жүзеге асыру жөніндегі;

      сәулет, қала құрылысы және құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау істері жөніндегі, оның ішінде бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдана отырып, сәулет-құрылыс қызметі саласында лицензиялау және аттестаттау бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі;

      лицензиялар мен аттестаттар тізілімін интернет-ресурста орналастыруды жүргізу жөніндегі функциялар сақталады.

      2. Табиғи монополия саласында:

      1) Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тізілімінің жергілікті бөліміне енгізілген әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттелетін қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) келісу;

      2) жұмыс істеп тұрған ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау, оның ішінде тұрғын ғимараттардың мансардты және типтік қабаттарын қосымша салу.

      3. Экология саласында:

      1) өз құзыреті шегінде қалдықтарды басқару бағдарламасын келісу;

      2) өз құзыреті шегінде табиғат қорғау іс-шаралары жоспарларын келісу;

      3) жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды құруды, қолдану мен пайдалануды келісу;

      4) коммуналдық қалдықтармен жұмыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      5) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру;

      6) инновациялық технологиялар мен энергия үнемдеуді енгізу саласындағы жұмысты үйлестіру және ұйымдастыру.

      4. Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласында:

      1) сақтанушыдан, сақтандырушыдан, агенттен және қоғамнан өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты және құжаттарды сұрату және алу;

      2) өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің міндетті сақтандыру шартын жасасу бойынша міндеттерін орындауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      3) агенттің, қоғамның қызметіне олардың өсімдік шаруашылығындағы Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

      4) сақтанушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы және қоғамның өзара сақтандыру туралы заңнаманың талаптарын сақтамауы туралы істерді қарау;

      5) астықтың мемлекеттік ресурстарының көлемдері, құрылымы, қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану қағидалары бойынша ұсыныстарды енгізу;

      6) әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде астық нарығын мониторингтеуді жүзеге асыру;

      7) астық нарығына қатысушылардың тұқымның іс жүзінде болуы мен сапасы және оның есеп беру деректеріне сәйкестігін тексеру;

      8) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу, сондай-ақ уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдау;

      9) астық қабылдау кәсіпорындарының мынадай: астықты сандық-сапалық есепке алуды жүргізу; астықты сақтау; астық қолхаттарын беру, олармен жұмыс істеу және өтеу қағидаларын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

      10) астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етуді жүргізу жөніндегі талаптарды сақтау қызметін инспекциялау (тексеру);

      11) астық қабылдау кәсіпорнынан астықты кез келген көлік түрімен тиеп-жөнелтуге тыйым салу;

      12) астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру және (немесе) лицензиядан айыру туралы облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізу;

      13) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу жөніндегі ұсыныстарды енгізу;

      14) мемлекеттік астық инспекторының астық нарығына қатысушыларда астықтың іс жүзінде болуы мен сапасын және оның есептік деректерге сәйкестігін тексеру бойынша функцияны іске асыруы;

      15) мемлекеттік астық инспекторының астықтың сандық-сапалық, оның ішінде мемлекеттік ресурстар астығының жай-күйін бақылау бойынша функцияны іске асыруы;

      16) мақта саласын дамыту аясында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      17) мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыруды және басқаруды қамтамасыз ету;

      18) мақта нарығына мониторинг жүргізу;

      19) мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылдау;

      20) мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттарын беру, олармен жұмыс істеу, оларды жою және өтеу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

      21) сарапшылық ұйымның мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру қағидаларын сақтауына жыл сайынғы бақылауды жүзеге асыру;

      22) тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарларын бекіту;

      23) өз құзыреті шегінде биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      24) биоотын өндірісі бойынша зауыттың құрылысына техникалық-экономикалық негіздемеге салалық сараптама жүргізу;

      25) биоотын өндірісіне мониторинг жүргізу;

      26) биоотын өндірісі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      27) аңшылық алқаптардың резервтік қорында және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      28) рекреациялық балық аулау аймағын белгілеу;

      29) сирек кездесетін және жойылу қаупі бар жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ жасанды көбейту бойынша қызметті ұйымдастыру;

      30) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізу;

      31) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілеу, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашу және жабу;

      32) сирек кездесетін және жойылу қаупі бар жануарлар түрлерін қоспағанда, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру;

      33) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын келісу;

      34) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болғанда жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймаққа бөлуді түзету жобаларын келісу;

      35) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту бойынша табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді келісу;

      36) жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қорық қоры объектілерінің тізбесін келісу;

      37) мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орманды пайдалану құқығын, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың функционалдық қарамағындағы ормандардың жай-күйі мен өндірісі үшін қауіп төндіретін жұмыстарды тоқтата тұру, шектеу, тоқтату;

      38) жергілікті атқарушы органдардың функционалдық қарамағындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру бойынша тендерлер ұйымдастыру және жүргізу;

      39) орман пайдаланушыларға орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарда; аңшылық шаруашылығы қажеттіліктері; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қорының жерлерінде құрылыс объектілеріне учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілерді салу үшін пайдалануға рұқсаттар беру;

      40) мемлекеттік орман қорының учаскелеріндегі ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;

      41) қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын өндіруді, өткізуді және нарықтағы айналымын тоқтата тұру туралы ұйғарымдар беру;

      42) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын жеке және заңды тұлғалардың сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      43) эпизоотиялық мониторингі жүргізу, егер эпизоотиялық ошақтар пайда болған жағдайда оларды тексеру;

      44) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      45) жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлерді беру;

      46) эпизоотологиялық тексеру актісін беру;

      47) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мыналарда:

      ішкі сауда объектілерінде;

      жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;

      ветеринариялық препараттарды өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;

      экспорттау (импорттау) мен транзиттеуді қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;

      экспорттауды (импорттауды) және транзиттеуді қоспағанда, жануарлар ауруларын қоздырғыштарды тарату факторлары болуы мүмкін ыдыстарды, орама материалдарының барлық түрлері бойынша көлік құралдарының барлық түрлерінде;

      тасымалдау (орнын ауыстыру) бағыттары өтетін мал айдау трассаларында, маршруттарында, жануарлардың жайылым аумақтары мен суаттарында;

      аумақтарда, өндірістік үй-жайларда және экспорттауды (импорттауды) және транзиттеуді қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне;

      орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды), мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      48) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актілерін жасау;

      49) мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің орындау үшін міндетті актілерін шығару;

      50) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту.

      Орталық атқарушы органның қарамағында мынадай:

      1) ветеринариялық бақылау және қадағалау саласында:

      жергілікті атқарушы органдардың қабылдаған шешімдерінің заңдылығын бақылауды, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды орындауын жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының бақылауын қамтамасыз етуін жүзеге асыру жөніндегі;

      эпизоотиялық ошақтардың пайда болуы себептерін белгілеу және қарсы тексерулерді қоса алғанда, жануарлар ауруларының таралуына ықпал ететін немесе кедергі келтіретін жағдайларды анықтау жөніндегі;

      ұйымдарда ветеринария саласында пайдаланылатын жануарлар ауруларын қоздырушы штамдардың пайдаланылуын, тасымалдануын (жеткізілуін), сақталуын және жойылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі;

      ветеринариялық препараттарды орталықтандырылған сатып алуды жүзеге асыру жөніндегі;

      заңнамада көзделген шараларды бұзушыларға қолдана отырып, экспорттау (импорттау) кезінде – жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі;

      эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізу жөніндегі;

      бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдана отырып, ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндіру ұйымдарында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі;

      экспорттау (импорттау) кезінде аумақтарда, өндірістік үй-жайларда және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, сататын немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдана отырып, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі;

      бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдана отырып, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі;

      Кеден одағының кедендік шекарасымен сәйкес келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде шекаралық және кеден пункттерінде өткізу кезінде шекара және кеден бекеттерінде (Кеден одағының кедендік шекарасымен сәйкес келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдана отырып, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі;

      2) агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциялау саласында:

      жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының астық заңнамасы, Қазақстан Республикасының мақта, тұқым шаруашылығы мен биоотын, өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығын бақылауды жүзеге асыру, анықталған астық заңнамасын, мақта, өсімдік шаруашылығы мен биоотын, өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру саласы бойынша заңнаманы бұзушылықтарды жою бойынша орындау үшін міндетті нұсқамалар беру жөніндегі;

      өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі;

      асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі;

      бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдана отырып, барлық бақылау және қадағалау объектілеріне кедергісіз баруын қоса алғанда, оларға қатысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын астық нарығы мен тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі;

      өсімдіктерді қорғау препараттарын орталықтандырылған сатып алу жөніндегі функциялар сақталады.

      5. Көлік саласында:

      1) Жолаушыларды метрополитенмен тасымалдау қағидаларын бекіту;

      2) Жолаушыларды метрополитенмен тасымалдауды субсидиялау қағидаларын бекіту;

      3) теңіз портының акваториясын қоса алғанда, теңіз портының шекараларын айқындау;

      4) жағалау объектілерін жобалауды, орналастыруды, салуды және пайдалануды келісу.

      6. Энергетика және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында:

      1) тұтынушылардың жылу пайдаланатын қондырғыларын пайдалануын және техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;

      2) жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылау;

      3) жылу желілеріндегі (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарды тексеруді жүргізу;

      4) жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жөндеу жоспарларын келісу;

      5) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспорттарын беру;

      6) қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды жобалауды және салуды келісу;

      7) 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру;

      8) 0,07 Мегапаскальдан жоғары және судың 115 градус Цельсийден жоғары қызу температурасында жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуын бақылау;

      9) қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;

      10) тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалануға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру.

      7. Туризм саласында:

      1) туроператорлық қызметті лицензиялау;

      2) гидті (гид – аудармашы) кәсіптік даярлауды ұйымдастыру;

      3) туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органмен келісім бойынша бекіту;

      4) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;

      5) туристік қызметті жүзеге асыратын адамдардың және туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімдерін жүргізу.

      8. Білім және ғылым саласында:

      1) орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет жұмысының қағидаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастыру;

      2) білім беру ұйымы ішкі тәртібінің үлгі қағидаларын әзірлеу және бекіту.

      9. Денсаулық сақтау саласында:

      1) дәрі-дәрмек құралдарын, медициналық мақсаттағы бұйымдарды аудан орталығынан қашық елді мекендерде денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері, жылжымалы дәріханалық пункттер арқылы сатуды жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды оқыту және аттестаттау;

      2) денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіби құзыреттілігі тұрғысынан аттестаттау жүргізу.

      10. Әділет саласында:

      1) нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылау және тиісті дерекқорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды қоспағанда, азаматтық хал актілерін тіркеу;

      2) туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 25 тамыздағы
№ 898 Жарлығына
4-ҚОСЫМША

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы
органдарынан аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)
жергілікті атқарушы органдарының қарамағына берілетін
функциялардың
ТІЗБЕСІ

      1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында спорттық құрылыстар салу мәселелерін үйлестіру.

      2. Спорттық ұйымдарға әдістемелік және консультативтік көмек көрсету.

      3. Такси тасымалдаушысы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу тәртібін бекіту.

      4. Тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу тәртібін бекіту.

      5. Шалғай елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау схемасы мен тәртібін әзірлеу және бекіту.

      6. Аудандық және қалалық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері қызметін қамтамасыз ету.

      7. Патронаттық тәрбиешінің ағымдағы шотына ақша қаражатын аудару арқылы еңбегіне ақы төлеу.

      8. Балалардың және жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеруді және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық көмек көрсетуді қамтамасыз ету.

      9. Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру тәртібін бекіту.

      10. Балық шаруашылығы су айдындарын және жергілікті маңызы бар учаскелерді бекіту бойынша конкурс өткізу және шешім қабылдау.

      11. Нөмірлік тіркеу белгілерін бере отырып, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін тіркеу, қайта тіркеу.

      12. Аудандағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізу.

      13. Аттестатталған тұқым өндірушілер қызметін олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан инспекциялау.

      14. Ашық және жабық аумақтарда кеміргіштерді жою жөніндегі дезинсекциялық және дератизациялық жұмыстарды, таяз су айдындарында және ашық аумақтарда шыбын-шіркейді жою жұмысын жүргізуді ұйымдастыру.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 25 тамыздағы
№ 898 Жарлығына
5-ҚОСЫМША

Мемлекеттік емес сектор саласына берілетін, сондай-ақ
мемлекеттік органдардың алып тасталатын жекелеген
функцияларының
ТІЗБЕСІ

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсты және "Қазақстанның үздік тауары" конкурс-көрмесін ұйымдастыру және өткізу.

      2. Туындыларды пайдалануға арналған құқықтардың импорты мен экспортын ұйымдастыруға жәрдемдесу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады