Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 01.06.2015 № 25/02 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алу) беру қағидаларын бекіту туралы» № 88 қаулысына сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Қоса берілген Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға алуға (жалға алу) беру кезінде жалгерлік мөлшерлемесін есептеу Қағидалары бекітілсін.
2.
Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Е.Б. Ағатановқа жүктелсін.
3.
Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі |
Н. Әубәкіров |
Қарағанды қаласы әкімдігінің |
Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға алуға (жалға алу) беру кезінде жалгерлік мөлшерлемесін есептеу
Қағидалары
1.
Осы Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға алуға (жалға алу) беру кезінде жалгерлік мөлшерлемесін есептеу Қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» № 88 қаулысымен бекітілген, Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50 тармағына сәйкес әзірленді және Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін белгілейді.
2.
Қарағанды қаласының коммуналдық заңды тұлғалар балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақы мөлшерлемесін есептеу, осы Қағиданың қосымшасына сәйкес құрылыс үлгісін, тұрғын емес үй-жай түрлерін, инженерлік коммуникациялардың бар болуын, аумақтық орналасуын, жалдаушы қызметінің түрлерін, жалдаушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін, базалық мөлшерлемелер және қолданылатын коэффициенттер негізінде айқындалады және:
Ап = Рбс х S х Кт х Кв х Кик х Кр х Квд х Копф формуласы бойынша іске асырылады, мұнда:
Ап – жылына Қарағанды қаласының коммуналдық заңды тұлғалар балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерінің жалдау ақы мөлшерлемесі;
Рбс – 1 шаршы метрге жалдау ақының базалық мөлшерлемесі, жылына теңгемен;
S – жалға алатын алаң, шаршы метр;
Кт – құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент;
Кв – тұрғын емес үй-жай түрлерін есептейтін коэффициент;
Кик – инженерлік коммуникациялардың бар болуын ескеретін коэффициент;
Кр – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
Квд – жалдаушы қызметінің түрлерін ескеретін коэффициент;
Копф – жалдаушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
3.
Жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алу) беру кезінде жылдық жалдау ақы мөлшерлемесін есептеу:
An = C x Nam / 100 x Кп формуласымен іске асырылады,
мұнда:
An - жабдықтарға, көлік құралдарына және басқа тұтынылмайтын заттарға жылына жалдау ақы мөлшерлемесі;
С – бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны.
Жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алу) беру кезінде 100 пайыз тозуы есептелген қалдық құны алғашқы (қалпына келтіретін) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
Nam – Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 120 бабына сәйкес амортизацияның шекті мөлшері;
Кп – төмендеткіш коэффициент (жабдықтар, көлік құралдары және басқа тұтынылмайтын заттар алпыс пайыздан аса тозу кезінде – 0,8 мөлшерінде қолданылады).
4.
Мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерінің сағаттары бойынша мүліктік жалдауға (жалға алу) беру кезінде сонымен бірге Қарағанды қаласының коммуналдық заңды тұлғалар балансында тұрған жабдықтарға, автокөлік құралдарына және басқа тұтынылмайтын заттарға жалдау ақыны есептеу келесі формула бойынша іске асырылады:
Ач =Ап/12/Д/24,
мұнда:
Ач – мемлекеттік тұрғын емес қор объектілеріне, Қарағанды қаласының коммуналдық заңды тұлғалар балансында тұрған жабдықтарға, көлік құралдарға және басқа тұтынылмайтын заттарға сағатына жалдау ақы мөлшерлемесі;
Ап – мемлекеттік тұрғын емес қор объектілеріне, Қарағанды қаласының коммуналдық заңды тұлғалар балансында тұрған жабдықтарға, көлік құралдарға және басқа тұтынылмайтын заттарға жылына жалдау ақы мөлшерлемесі;
12 – жылына айлардың саны;
24 – тәуліктегі сағаттар саны;
Д- объектілерді мүліктік жалға беруді іске асыратын айдағы күндер саны.
Қарағанды қаласының |
Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алу) беру кезіндегі базалық мөлшерлеме және қолданылатын коэффициенттердің мөлшері
Базалық мөлшерлеменің мөлшері көлемі – Қазақстан Республикасының републикалық бюджет туралы Заңымен тиісті жылға белгіленген 2 (екі) айлық есептік көрсеткіші.
№ |
Коэффициенттер түрі |
Коэффициент мөлшері |
Құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент (Кт): |
||
1 |
1.1 ғимарат |
1,0 |
1.2 спорттық ғимараттар (стадион, спорттық зал, спорттық алаңдар) |
0,7 |
|
1.3 басқа құрылыстар (ғимарттар) |
0,9 |
|
2 |
Тұрғын емес үй-жай түрін ескеретін коэффициент (Кв): |
|
2.1 жер үсті қабаттағы үй-жай |
1,0 |
|
2.2 астыңғы (жартылай жер төле) қабаттағы үй-жай |
0,9 |
|
2.3 жертөле қабатындағы үй-жай |
0,8 |
|
2.4 басқалары (шатыр, шатырдағы жай, тамбур, мансарда, лоджия, спорттық құрылыстар және басқалары) |
0,7 |
|
3 |
Инженерлік коммуникациялардың бар болуын ескеретін коэффициент (Кик): |
|
3.1 барлық инженерлік коммуникациялармен үй-жай үшін (жылу-, электр-, су жабдықтау және су бұру) қандай да бір коммуникациялар болмаған жағдайда әр түр 0,1-ге төмендетіледі |
1,0 |
|
4 |
Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр): |
|
4.1 Қазыбек би атындағы аудан |
3,0 |
|
4.2 Октябрь ауданы |
2,0 |
|
5 |
Жалдаушының қызмет түрлерін ескеретін коэффициент (Квд): |
|
5.1 банктердің есеп айырысу-кассалық орталықтары, Қазақстан Республикасы поштасының Ұлттық операторы, банкоматтары, төлеу терминалдар (мультикассалар) үшін |
2,5 |
|
5.2 брокерлік қызмет және кеден қызметтерін көрсету, қызметі құнды қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер, айырбастау пунктері үшін |
3,0 |
|
5.3 сауда, қонақ үй қызметтерін ұйымдастыру, сату автоматтары үшін |
2,5 |
|
5.4 қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру (асхана, буфет) үшін |
1,5 |
|
5.5. білім мекемелеріндегі қоғамдық тамақтануды (асхана, буфет) ұйымдастыру үшін |
0,5 |
|
5.6 денсаулық сақтау, мәдениет, дене тәрбиесі және спорт салаларындағы қызмет түрлерін (қызмет) және іс-шараларды ұйымдастыру үшін |
1,0 |
|
5.7 ұялы байланыс, интернет желісі (телекоммуникациялық жабдықтарды және басқаларын орнату) саласында қызмет көрсетулерді ұйымдастыру үшін |
5,0 |
|
5.8 келесі саладағы қызметтері ұйымдастыру үшін: |
||
ғылым мен жоғары білім беру |
1,0 |
|
орта білім беру |
0,5 |
|
мектепке дейінгі білім беру |
0,5 |
|
5.9 5.1-5.8 тармақтарында көрсетілген қызмет түрлерінен басқа қызмет түрлері үшін |
2,0 |
|
6 |
Жалдаушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф) |
|
6.1 қайырымдылық және қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар үшін |
0,5 |
|
6.2 жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары үшін |
0,9 |
|
6.3 жарғылық капиталдарында мемлекетке акционерлік қоғам акцияларының бақылау пакеті немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысудың бақылау үлесі тиесілі акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін * |
1,0 |
|
6.4 қалғандары үшін |
1,0 |
* акционерлік қоғам акцияларының бақылау пакеті немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысудың бақылау үлесі тиісінше акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының елуден астам пайызы немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысу үлесінің елуден астам пайызы мемлекетке тиесілі екендігін білдіреді