Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға алуға (жалға алу) беру кезінде жалгерлік мөлшерлемесін есептеу Қағидаларын бекіту туралы

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 03/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 ақпанда № 2984 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 25/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 01.06.2015 № 25/02 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алу) беру қағидаларын бекіту туралы» № 88 қаулысына сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Қоса берілген Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға алуға (жалға алу) беру кезінде жалгерлік мөлшерлемесін есептеу Қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Е.Б. Ағатановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қала әкімі

Н. Әубәкіров


Қарағанды қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 03/03 қаулысымен бекітілді

Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға алуға (жалға алу) беру кезінде жалгерлік мөлшерлемесін есептеу
Қағидалары

      1. Осы Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға алуға (жалға алу) беру кезінде жалгерлік мөлшерлемесін есептеу Қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» № 88 қаулысымен бекітілген, Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50 тармағына сәйкес әзірленді және Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін белгілейді.
      2. Қарағанды қаласының коммуналдық заңды тұлғалар балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақы мөлшерлемесін есептеу, осы Қағиданың қосымшасына сәйкес құрылыс үлгісін, тұрғын емес үй-жай түрлерін, инженерлік коммуникациялардың бар болуын, аумақтық орналасуын, жалдаушы қызметінің түрлерін, жалдаушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін, базалық мөлшерлемелер және қолданылатын коэффициенттер негізінде айқындалады және:
      Ап = Рбс х S х Кт х Кв х Кик х Кр х Квд х Копф формуласы бойынша іске асырылады, мұнда:
      Ап – жылына Қарағанды қаласының коммуналдық заңды тұлғалар балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерінің жалдау ақы мөлшерлемесі;
      Рбс – 1 шаршы метрге жалдау ақының базалық мөлшерлемесі, жылына теңгемен;
      S – жалға алатын алаң, шаршы метр;
      Кт – құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент;
      Кв – тұрғын емес үй-жай түрлерін есептейтін коэффициент;
      Кик – инженерлік коммуникациялардың бар болуын ескеретін коэффициент;
      Кр – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
      Квд – жалдаушы қызметінің түрлерін ескеретін коэффициент;
      Копф – жалдаушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
      3. Жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алу) беру кезінде жылдық жалдау ақы мөлшерлемесін есептеу:
      An = C x Nam / 100 x Кп формуласымен іске асырылады,
      мұнда:
      An - жабдықтарға, көлік құралдарына және басқа тұтынылмайтын заттарға жылына жалдау ақы мөлшерлемесі;
      С – бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны.
      Жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алу) беру кезінде 100 пайыз тозуы есептелген қалдық құны алғашқы (қалпына келтіретін) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
      Nam – Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 120 бабына сәйкес амортизацияның шекті мөлшері;
      Кп – төмендеткіш коэффициент (жабдықтар, көлік құралдары және басқа тұтынылмайтын заттар алпыс пайыздан аса тозу кезінде – 0,8 мөлшерінде қолданылады).
      4. Мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерінің сағаттары бойынша мүліктік жалдауға (жалға алу) беру кезінде сонымен бірге Қарағанды қаласының коммуналдық заңды тұлғалар балансында тұрған жабдықтарға, автокөлік құралдарына және басқа тұтынылмайтын заттарға жалдау ақыны есептеу келесі формула бойынша іске асырылады:
      Ач =Ап/12/Д/24,
      мұнда:
      Ач – мемлекеттік тұрғын емес қор объектілеріне, Қарағанды қаласының коммуналдық заңды тұлғалар балансында тұрған жабдықтарға, көлік құралдарға және басқа тұтынылмайтын заттарға сағатына жалдау ақы мөлшерлемесі;
      Ап – мемлекеттік тұрғын емес қор объектілеріне, Қарағанды қаласының коммуналдық заңды тұлғалар балансында тұрған жабдықтарға, көлік құралдарға және басқа тұтынылмайтын заттарға жылына жалдау ақы мөлшерлемесі;
      12 – жылына айлардың саны;
      24 – тәуліктегі сағаттар саны;
      Д- объектілерді мүліктік жалға беруді іске асыратын айдағы күндер саны.
 


Қарағанды қаласының
коммуналдық мүлкін мүліктік
жалға алуға (жалға алу) беру
кезінде жалгерлік мөлшерлемесін
есептеу Қағидаларына қосымша

Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алу) беру кезіндегі базалық мөлшерлеме және қолданылатын коэффициенттердің мөлшері

      Базалық мөлшерлеменің мөлшері көлемі – Қазақстан Республикасының републикалық бюджет туралы Заңымен тиісті жылға белгіленген 2 (екі) айлық есептік көрсеткіші.
 
 


 

Коэффициенттер түрі
 
 

Коэффициент мөлшері
 


Құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент (Кт):
 

1
 

1.1 ғимарат
 

1,0
 

1.2 спорттық ғимараттар (стадион, спорттық зал, спорттық алаңдар)
 

0,7
 

1.3 басқа құрылыстар (ғимарттар)
 

0,9
 

2
 

Тұрғын емес үй-жай түрін ескеретін коэффициент (Кв):
 

2.1 жер үсті қабаттағы үй-жай
 

1,0
 

2.2 астыңғы (жартылай жер төле) қабаттағы үй-жай
 

0,9
 

2.3 жертөле қабатындағы үй-жай
 

0,8
 

2.4 басқалары (шатыр, шатырдағы жай, тамбур, мансарда, лоджия, спорттық құрылыстар және басқалары)
 

0,7
 

3
 

Инженерлік коммуникациялардың бар болуын ескеретін коэффициент (Кик):
 

3.1 барлық инженерлік коммуникациялармен үй-жай үшін (жылу-, электр-, су жабдықтау және су бұру) қандай да бір коммуникациялар болмаған жағдайда әр түр 0,1-ге төмендетіледі
 

1,0
 

4
 

Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр):
 

4.1 Қазыбек би атындағы аудан
 

3,0
 

4.2 Октябрь ауданы
 

2,0
 

5
 

Жалдаушының қызмет түрлерін ескеретін коэффициент (Квд):
 

5.1 банктердің есеп айырысу-кассалық орталықтары, Қазақстан Республикасы поштасының Ұлттық операторы, банкоматтары, төлеу терминалдар (мультикассалар) үшін
 

2,5
 

5.2 брокерлік қызмет және кеден қызметтерін көрсету, қызметі құнды қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер, айырбастау пунктері үшін
 

3,0
 

5.3 сауда, қонақ үй қызметтерін ұйымдастыру, сату автоматтары үшін
 

2,5
 

5.4 қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру (асхана, буфет) үшін
 

1,5
 

5.5. білім мекемелеріндегі қоғамдық тамақтануды (асхана, буфет) ұйымдастыру үшін
 

0,5
 

5.6 денсаулық сақтау, мәдениет, дене тәрбиесі және спорт салаларындағы қызмет түрлерін (қызмет) және іс-шараларды ұйымдастыру үшін
 

1,0
 

5.7 ұялы байланыс, интернет желісі (телекоммуникациялық жабдықтарды және басқаларын орнату) саласында қызмет көрсетулерді ұйымдастыру үшін
 

5,0
 

5.8 келесі саладағы қызметтері ұйымдастыру үшін:
 

ғылым мен жоғары білім беру
 

1,0
 

орта білім беру
 

0,5
 

мектепке дейінгі білім беру
 

0,5
 


5.9 5.1-5.8 тармақтарында көрсетілген қызмет түрлерінен басқа қызмет түрлері үшін
 

2,0
 

6
 

Жалдаушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф)
 

6.1 қайырымдылық және қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар үшін
 

0,5
 

6.2 жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары үшін
 

0,9
 

6.3 жарғылық капиталдарында мемлекетке акционерлік қоғам акцияларының бақылау пакеті немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысудың бақылау үлесі тиесілі акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін *
 

1,0
 

6.4 қалғандары үшін
 

1,0
 


      * акционерлік қоғам акцияларының бақылау пакеті немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысудың бақылау үлесі тиісінше акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының елуден астам пайызы немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысу үлесінің елуден астам пайызы мемлекетке тиесілі екендігін білдіреді
 

Об утверждении Правил расчета ставки арендной платы при передаче коммунального имущества города Караганды в имущественный наем (аренду)

Постановление акимата города Караганды от 28 января 2015 года № 03/03. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 19 февраля 2015 года № 2984. Утратило силу постановлением акимата города Караганды от 1 июня 2015 года N 25/02

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Караганды от 01.06.2015 N 25/02.

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», от 1 марта 2011 года «О государственном имуществе», Постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 февраля 2014 года № 88 «Об утверждении Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду)» акимат города Караганды ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила расчета ставки арендной платы при передаче коммунального имущества города Караганды в имущественный наем (аренду).
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Караганды Агатанова Е.Б.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня официального опубликования.
 
 

      Аким города

Н. Аубакиров


Утверждены
постановлением акимата
города Караганды
от 28 января 2015 года
№ 03/03

Правила расчета ставки арендной платы при передаче
коммунального имущества города Караганды в имущественный наем (аренду)

      1. Настоящие Правила расчета ставки арендной платы при передаче коммунального имущества города Караганды в имущественный наем (аренду) (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 50 Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду), утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 февраля 2014 года № 88 «Об утверждении Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду)», и определяют порядок расчета ставки арендной платы при передаче коммунального имущества города Караганды в имущественный наем (аренду).
      2. Расчет ставки годовой арендной платы при предоставлении в имущественный наем (аренду) объектов государственного нежилого фонда, находящихся на балансе коммунальных юридических лиц города Караганды определяется на основании базовых ставок и размеров применяемых коэффициентов, учитывающих тип строения, вид нежилого помещения, наличие инженерных коммуникаций, территориальное расположение, вид деятельности нанимателя, организационно-правовую форму нанимателя согласно приложению к настоящим Правилам и осуществляется по формуле:
      Ап = Рбс х S х Кт х Кв х Кик х Кр х Квд х Копф,
      где:
      Ап – ставка арендной платы объектов государственного нежилого фонда, находящихся на балансе коммунальных юридических лиц города Караганды в год;
      Рбс – базовая ставка арендной платы за 1 квадратный метр, тенге в год;
      S – арендуемая площадь, квадратный метр;
      Кт - коэффициент, учитывающий тип строения;
      Кв - коэффициент, учитывающий вид нежилого помещения;
      Кик - коэффициент, учитывающий наличие инженерных коммуникаций;
      Кр - коэффициент, учитывающий территориальное расположение;
      Квд - коэффициент, учитывающий вид деятельности нанимателя;
      Копф - коэффициент, учитывающий организационно-правовую форму нанимателя.
      3. Расчет ставки годовой арендной платы при предоставлении в имущественный наем (аренду) оборудования, автотранспортных средств и других непотребляемых вещей осуществляется по формуле:
      Ап = С х Nam /100 х Кп,
      где:
      Ап - ставка арендной платы за оборудование, транспортные средства и другие непотребляемые вещи в год;
      С - остаточная стоимость оборудования по данным бухгалтерского учета.
      При сдаче в имущественный наем (аренду) оборудования, транспортных средств и других непотребляемых вещей с начисленным износом 100 процентов остаточная стоимость принимается в размере 10 процентов от первоначальной (восстановительной) стоимости;
      Nam - предельные нормы амортизации в соответствии со статьей 120 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс);
      Кп - понижающий коэффициент (применяется при износе оборудования, транспортных средств и других непотребляемых вещей более шестидесяти процентов - в размере 0,8).
      4. Расчет арендной платы при предоставлении в имущественный наем (аренду) по часам объектов государственного нежилого фонда, а также оборудования, автотранспортных средств и других непотребляемых вещей, находящихся на балансе коммунальных юридических лиц города Караганды, осуществляется по следующей формуле:
      Ач=Ап/12/Д/24,
      где:
      Ач – ставка арендной платы за объекты государственного нежилого фонда, оборудование, транспортные средства и другие непотребляемые вещи, находящиеся на балансе коммунальных юридических лиц города Караганды, в час;
      Ап – ставка арендной платы за объекты государственного нежилого фонда, оборудование, транспортные средства и другие непотребляемые вещи, находящиеся на балансе коммунальных юридических лиц города Караганды, в год;
      12 – количество месяцев в году;
      24 – количество часов в сутках;
      Д – количество дней в месяце, в котором осуществляется передача объектов в имущественный наем.
 


Приложение
к Правилам расчета ставки арендной
платы при передаче
коммунального
имущества города Караганды в
имущественный наем (аренду)

Базовая ставка и размеры применяемых коэффициентов
при передаче коммунального имущества города Караганды в имущественный наем (аренду)

      Размер базовой ставки – 2 (два) месячных расчетных показателя, установленного Законом Республики Казахстан о республиканском бюджете на соответствующий год.
 
 

№ п/п
 

Вид коэффициентов
 

Размер коэффициента
 

1
 

Коэффициент, учитывающий тип строения (Кт):
 

1.1 здание
 

1,0
 

1.2 спортивное сооружение (стадион, спортивный зал, спортивные площадки)
 

0,7
 

1.3 прочие строения (сооружения)
 

0,9
 

2
 

Коэффициент, учитывающий вид нежилого помещения (Кв):
 

2.1 помещение в надземном этаже
 

1,0
 

2.2 помещение в цокольном (полуподвальном) этаже
 

0,9
 

2.3 помещение в подвальном этаже
 

0,8
 

2.4 прочее (крыша, чердак, тамбур, мансарда, лоджия, спортивные сооружения и другое)
 

0,7
 

3
 

Коэффициент, учитывающий наличие инженерных коммуникаций (Кик):
 

3.1 для помещений со всеми инженерными коммуникациями (тепло-, электро-, водоснабжения и водоотведения) при отсутствии каких-либо видов коммуникаций уменьшается на 0,1 за каждый вид
 

1,0
 

4
 

Коэффициент, учитывающий территориальное расположение (Кр):
 

4.1 район имени Казыбек би
 

3,0
 

4.2 Октябрьский район
 

2,0
 

5
 

Коэффициент, учитывающий вид деятельности нанимателя (Квд):
 

5.1 для расчетно-кассовых центров банков, Национального оператора почты Республики Казахстан, банкоматов, терминалов оплаты (мультикасс)
 

2,5
 

5.2 для брокерской деятельности и оказания таможенных услуг, обменных пунктов и организаций, деятельность которых связана с рынком ценных бумаг, страховых, инвестиционных компаний, нотариальных контор, адвокатских контор
 

3,0
 

5.3 для организации торговли, гостиничных услуг, торговых автоматов
 

2,5
 

5.4 для организации общественного питания (столовая, буфет)
 

1,5
 

5.5 для организации общественного питания (столовая, буфет) в учебных заведениях
 

0,5
 

5.6 для организации услуг (деятельности) и мероприятий в области здравоохранения, культуры, физической культуры и спорта
 

1,0
 

5.7 для организации услуг в сфере сотовой связи, сети интернет (размещение телекоммуникационного оборудования и другое)
 

5,0
 

5.8 для организации услуг в области:
 

науки и высшего образования
 

1,0
 

среднего образования
 

0,5
 

дошкольного образования
 

0,5
 

5.9 для иных видов деятельности, за исключением видов деятельности, указанных в пунктах 5.1-5.8
 

2,0
 

6
 

Коэффициент, учитывающий организационно-правовую форму нанимателя (Копф):
 

6.1 для благотворительных и общественных объединений, некоммерческих организаций
 

0,5
 

6.2 для индивидуальных предпринимателей, крестьянских хозяйств
 

0,9
 

6.3 для акционерных обществ и товариществ с ограниченной ответственностью, в уставном капитале которых государству принадлежит контрольный пакет акций акционерного общества или контрольная доля участия в уставном капитале товарищества с ограниченной ответственностью*
 

1,0
 

6.4 для остальных
 

1,0
 


      * контрольный пакет акций акционерного общества или контрольная доля участия в уставном капитале товарищества с ограниченной ответственностью означает, что государству принадлежит соответственно более пятидесяти процентов голосующих акций акционерного общества или более пятидесяти процентов доли участия в уставном капитале товарищества с ограниченной ответственностью