Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларына сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы "Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға алуға (жалға алу) беру кезінде жалгерлік мөлшерлемесін есептеу Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2984 нөмірімен тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 24 ақпанда жарияланған) № 03/03 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2.
Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Р.Т. Мүкееваға жүктелсін.
Қала әкімі |
Н. Әубәкіров |