"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 20) тармақшасына және "Қарағанды қаласының атқарушы органдарының құрылымы және штат санының лимиттері туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 ақпандағы № 04/05 қаулысына сәйкес Қарағанды қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 мамырдағы № 20/03 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2665 нөмірімен тіркелді, 2014 жылғы 27 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және 2014 жылғы 5 шілдеде "Индустриальная Караганда" № 115-116 (21636-21637), "Орталық Қазақстан" № 125-126 (21757) газеттерінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген құрылым осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімі аппаратының басшысы А.И. Оспановқа жүктелсін.
Осы қаулы оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Әубәкіров |
Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11ақпандағы № 05/10 қаулысына қосымша |
|
Қарағанды қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 мамырдағы № 20/03 қаулысымен бекітілген |