Қарағанды қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 16/56 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына, "Мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 13/44 қаулысына сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарағанды қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 мамырдағы № 20/03 қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2665 нөмірімен тіркелді, 2014 жылғы 27 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және 2014 жылғы 5 шілдеде "Индустриальная Караганда" № 115-116 (21636-21637), 2014 жылғы 5 шілдеде "Орталық Қазақстан" № 125-126 (21757) газеттерінде жарияланған);
      2) "Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 мамырдағы № 20/03 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 05/10 қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 3015 нөмірімен тіркелді, 2015 жылғы 13 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және 2015 жылғы 14 наурызда "Индустриальная Караганда" № 31 (21782), 2015 жылғы 14 наурызда "Орталық Қазақстан" № 40-41 (21926) газеттерінде жарияланған).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары А.Қ. Жұмекеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Н. Әубәкіров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады