Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен алу түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді белгілеу туралы

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 49/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 қарашада № 3491 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" № 920 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы "Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" № 1141 қаулысына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды қаласы әкімдігінің 05.07.2017 № 27/02 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен алу түрлерін таңдау бойынша өлшемдер (бұдан әрі - Объект) осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңмен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан шығатын басқа шараларды қолдануды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Р.Т. Мүкееваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қала әкімі

Н. Әубәкіров


  Қарағанды қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 14 қазан
№ 49/02 қаулысына
қосымша

Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен алу түрлерін таңдау бойынша өлшемдер


Өлшемдердің атауы


Иеліктен алу түрлері


1


Объектіні одан әрі бақылауда мемлекеттің мүдделігінің болмауы (шарттар қойылмайды).

Объектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату және сауда – саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі.


Сауда-саттықты аукцион нысанында өткізу


2


Объектіні сату шарттарын (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, жалақы бойынша берешекті өтеу және басқа да шарттар) белгілеу қажеттілігі.

Объектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату қажеттілігі.


Сауда-саттықты коммерциялық тендер нысанында өткізу


3


Сенім білдірілген басқарушының, жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шартты талаптарын орындау.


Тікелей атаулы сатылым


4


Объектінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі. Шетелдік инвесторларды қоса алғанда, сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі.


Сауда-саттықты қор биржасында өткізу


5


Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату қажеттілігі.


Туынды бағалы қағаздарды сату



Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества города Караганды

Постановление акимата города Караганды от 14 октября 2015 года № 49/02. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 12 ноября 2015 года № 3491

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 августа 2011 года № 920 "Об утверждении Правил продажи объектов приватизации", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 1141 "О некоторых вопросах приватизации на 2016-2020 годы" акимат города Караганды ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула – в редакции постановления акимата города Караганды от 05.07.2017 № 27/02 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      1. Определить критерии по выбору видов отчуждения коммунального имущества города Караганды (далее - Объект) согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Отдел государственных активов и закупок города Караганды" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции;

      2) принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления в соответствии с действующим законодательством.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Караганды Мукееву Р.Т.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.


Аким города

Н. Аубакиров


  Приложение
к постановлению акимата
города Караганды
от 14 октября 2015 года
№ 49/02

Критерии
по выбору видов отчуждения коммунального имущества города Караганды

№ п/п


Наименование критерия


Вид отчуждения


1


Отсутствие заинтересованности государства в дальнейшем контроле над Объектом (условия не выставляются).

Необходимость реализации Объекта по максимально возможной цене и привлечения широкого круга участников торгов.


проведение торгов в форме аукциона


2


Необходимость установления условий продажи Объекта (сохранение профиля деятельности, погашение кредиторской задолженности, погашение задолженности по заработной плате и другие условия).

Необходимость реализации Объекта по максимально возможной цене.


проведение торгов в форме коммерческого тендера


3


Выполнение условий договора доверительного управления, имущественного найма (аренды) с правом последующего выкупа доверительным управляющим, нанимателем (арендатором).


прямая адресная продажа


4


Соответствие Объекта требованиям фондовой биржи.

Необходимость привлечения широкого круга участников торгов, включая иностранных инвесторов.


проведение торгов на фондовой бирже


5


Необходимость реализации производных ценных бумаг, удостоверяющих права на акции акционерных обществ, принадлежащие государству.


продажа производных ценных бумаг