"Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен алу түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді белгілеу туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 49/02 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 27/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 18 шілдеде № 4312 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 49/02 "Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен алу түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3491 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 желтоқсанда "Индустриальная Караганда" № 184 (21935) және "Орталық Қазақстан" № 209-210 (22094) газеттерінде, 2015 жылғы 30 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе келесі редакцияда баяндалсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" № 920 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы "Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" № 1141 қаулысына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен алу түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді белгілеу туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 49/02 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары А.С. Молдабаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды қаласының әкімі Н. Әубәкіров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады