Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" № 920 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы "Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" № 1141 қаулысына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды қаласы әкімдігінің 05.07.2017 № 27/02 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен алу түрлерін таңдау бойынша өлшемдер (бұдан әрі - Объект) осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңмен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан шығатын басқа шараларды қолдануды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Р.Т. Мүкееваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Әубәкіров |
Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қазан № 49/02 қаулысына қосымша |
Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен алу түрлерін таңдау бойынша өлшемдер
№ | Өлшемдердің атауы | Иеліктен алу түрлері |
1 | Объектіні одан әрі бақылауда мемлекеттің мүдделігінің болмауы (шарттар қойылмайды). Объектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату және сауда – саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі. | Сауда-саттықты аукцион нысанында өткізу |
2 | Объектіні сату шарттарын (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, жалақы бойынша берешекті өтеу және басқа да шарттар) белгілеу қажеттілігі. Объектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату қажеттілігі. | Сауда-саттықты коммерциялық тендер нысанында өткізу |
3 | Сенім білдірілген басқарушының, жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шартты талаптарын орындау. | Тікелей атаулы сатылым |
4 | Объектінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі. Шетелдік инвесторларды қоса алғанда, сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі. | Сауда-саттықты қор биржасында өткізу |
5 | Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату қажеттілігі. | Туынды бағалы қағаздарды сату |