Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 03.07.2024 № 165 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі ІІ сессиясының "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 32 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-1-154 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырдағы № 064 (970) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:
1) 18 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"18. Түскен құжаттарды қарастыру нәтижесінде уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушылардың жеке істері түзіледі. Ай сайын тұрғын үй көмегі есебін жүргізеді және өтініш иесіне өтініш жасауына қарай беріледі.";
2) Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне 2, 3, 4 қосымшалары алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрағасы Жанділ Ахуанұлы Мұхтаров).
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | М. Галяс |
Қалалық мәслихат хатшысы | Қ. Оспанов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қарағанды қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
Б. Жайназаров
2015 жылғы 23 қазан