Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарын басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Сергей Николаевич Тымченкоға жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Сұлтанов |
| Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 8/3 қаулысымен бекітілді |
"Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыры шегінде кәсіпкерлік, өнеркәсіп, сауда, инвестициялар мен сыртқы экономикалық байланыстар, индустриялық-инновациялық саясат, Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің аумағында ауыл шаруашылығы саласында салааралық үйлестіруді мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қарағанды облысы мен Теміртау қаласы әкімі мен әкімдігінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемесінің ұйымдық-құқықтық түріндегі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы, мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгіде бланктері бар, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға өз атынан түседі.
5. Егер заңнамаға сәйкес "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 101406, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік гүлзары, 9.
9. "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: Государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Темиртау".
11. Осы Ереже "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.
12. "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау жөнінде кәсіпкерлік субъектілермен келісім жасасуға тыйым салынады.
Егер заңнамалық актілер арқылы "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген жағдайда, онда бұл қызметтен түскен кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: кәсіпкерлік, өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруашылығын дамыту, инвестициялар мен сыртқы экономикалық байланыстар, индустриялық-инновациялық саясат салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.14. Міндеттері:
1) жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
3) инновациялық инфрақұрылымды дамыту, индустриялық-инновациялық саясатты іске асыру, индустриялық-инновациялық бағыттағы инвестициялық жобаларды енгізуге ықпал ету арқылы қаланың инвестициялық саясатын дамыту стратегиясын әзірлеу мен іске асыру жөніндегі жобаларды әзірлеу және басқару;
4) ауыл шаруашылық саласындағы қатынастарды реттеу және салааралық үйлестіру;
5) өз қызметі саласындағы мемлекет саясатын әзірлеу, жүзеге асыру, үйлестіру және насихаттауға қатысу;
6) ауыл шаруашылық саласындағы аграрлық және өзге де мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті жағдайларды жасау;
7) өз қызметі саласында заңға қайшы келмейтін міндеттерді орындау.
15. Функциялары:
1) өз қызметі саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;
2) өңірлердегі орта және шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылым объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз етеді;
3) сараптық кеңестердің қызметін ұйымдастырады;
4) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерліктің мемлекеттік қолдауын қамтамасыз етеді;
5) қаланың өндірістік кәсіпорындарының өндірістік қызметі мен өнеркәсіп өндіріс көлемдеріне мониторинг жүргізу;
6) өнеркәсіптік кәсіпорындарында жаңа жұмыс орындарын құру жөнінде мониторинг жүргізу;
7) өнеркәсіптік кәсіпорындар деректерін жинау және өңдеу, мониторинг жүргізу, ұсыныстар дайындау және тенденциялар айқындау арқылы қалалық индустриялық-инновациялық даму саласындағы ахуалды зерделеу, талдау және болжау;
8) қалалық индустриялық-инновациялық дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының дамыту институттарымен бірлесіп жұмыс істеу;
9) инвестициялық-инновациялық саясатты және белсенділікті ынталандыру жөніндегі шараларды әзірлеуді ұйымдастыру және үйлестіру;
10) Теміртау қаласының және Ақтау кентінің аумағында кәсіпкерлік қызметі мен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасау;
11) мүдделі мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, әлеуетті инвесторларды тарту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі ұйымдарға қалалық инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде іс-шаралар әзірлеу арқылы қолғабыс ету;
12) қаланың нарығындағы сұраныстар мен ұсыныстарды зерделеу, қаладағы кәсіпкерлік қызметіне қолайлы жағдайлар жасау жөнінде шаралар әзірлеу, оның даму болжауын жасау;
13) қала кәсіпкерлікті дамытуға талдау жүргізу және кәсіпкерлікті дамыту жөнінде әкімге және қала әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына ұсыныстар дайындау арқылы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі қызметті үйлестіру;
14) қала кәсіпорындары мен кәсіпкерлердің өңірлік, республикалық және халықаралық көрмелерге қатысуын ұйымдастыру;
15) сауда, азық-түлік және жанар-жағар май материалдары қызметтерін қамтамасыз ету бойынша азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай бөлігінде жұмыстарды ұйымдастыру;
16) "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын мәселелер бойынша әкімге және қала әкімдігіне, қалалық мәслихатқа нормативтік құқықтық актілер жобасын дайындау;
17) өз қызметі саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету;
18) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді атқару.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің кәсіпорындары мен мекемелерінен, мемлекеттік органдардан "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттарды алуға;
2) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспары мен бағдарламаларды іске асыру жөніндегі ұсыныстарды енгізуге;
3) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасауға;
4) өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етуге;
5) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындауға;
6) жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік саясатын қамтамасыз етуге;
7) инвестициялық-инновациялық саясатты дайындауды, ауыл шаруашылық саласындағы инвестициялық белсенділікті реттеу және ынталандыру бойынша шараларды, салық преференцияларын алу үшін басымдылық мағынасы бар жобаларды сараптау және іріктеуді, өз қызметі саласында кәсіпкерлікті дамыту облыстық және республикалық бағдарламаларды қалалық бюджет қаражатынан несиелеуді ұйымдастырады және үйлестіреді;
8) сауданың сұранысы мен ұсыныстарын, конъюнктураларын және ауыл шаруашылық тауарлары қалалық азық-түлік базарының жағдайын зерттеу, оның дамыту бойынша ұсыныстар мен болжамдарды дайындау жөніндегі жұмысқа, сауда қызметінің субъектілерін бақылауға, қалада ауыл шаруашылық өнімдерінің сатылуына қолайлы жағдайларды жасау, қаланы ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша шараларды дайындауға және жүзеге асыруға, қаланың ауыл шаруашылық өндірушілерінің өңірлік, республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысуын ұйымдастыруға қатысады;
9) азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша іс-шараларды жоспарлауға және олардың орындалуын қамтамасыз етуге қатысады,қаланың азаматтық қорғаныс бастығы ретінде қала әкімі өкілеттілігінің іске асырылуын ұйымдастырушылық қамтамасыз етеді;
10) Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзырына жататын мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етеді;
11) өз қызметі саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау және бақылау жүргізу бойынша өкілетті органға тиісті ақпаратты беру, ақпараттау саласындағы өкілетті органға мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін тиісті ақпаратты беру;
12) Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзырына жататын қоғамдық мониторингті жүргізу кезінде үкіметтік емес құрылымдарға заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті ақпаратты ұсыну;
13) Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзырына жататын мемлекеттік қызметтер тұтынушыларының өтініштері мен шағымдарын қарастыру;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін мекеме басшысы басқарады және мекемеге жүктелген мәселелер мен міндеттердің орындалысына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.18. "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Теміртау қаласының әкімімен лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
19. "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалып, лауазымнан босатылатын орынбасарлары бар.
20. "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) қала әкімдігіне "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі мен құрылымын және өзгерістерін әзірлеп, бекітуге ұсынады;
2) "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметшілерінің міндеттерін, жауапкершілігі мен өкілеттігін анықтайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін лауазымға тағайындап, лауазымынан босатады;
4) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды, бұйрықтар мен өкімдерді шығарады, мекеменің барлық мамандары мен өзге де қызметкерлеріне міндетті тапсырмалар береді;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін марапаттайды және оларға тәртіптік жаза салады;
6) "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан мемлекеттік органдармен және өзге мекемелермен қарым-қатынастарды сенімхатсыз жүзеге асырып, өз құзыреті шегінде оның мүддесін қорғайды;
7) қаржы және өкімдік құжаттарға қол қояды;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша оған жүктелетін өзге де өкілеттіктерді атқарады.
21. "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режімі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.
22. "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған жағдайда, оның өкілеттігін атқару қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға атқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлігі
23. Заңнамада көзделген жағдайда "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.Мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлігі коммуналдық меншікке жатады.
25. "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.