"Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 10/1 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 01 сәуірде № 3089 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 22/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 02.06.2016 № 22/2 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарын, Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы №1/28 "Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатың кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта құру туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы №1/29 "Теміртау қаласының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын және атқарушы органдарының штат санының лимитін бекіту туралы" қаулысы негізінде, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Теміртау қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Шолпан Мұхитқызы Мырзақасымоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі
Н. Сұлтанов

      

 
Теміртау қаласы
әкімдігінің 2015 жылғы
12 наурыздағы
№ 10/1 қаулысымен
бекітілді

"Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Теміртау қаласы мен Ақтау кенті аумағында дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдастырушылық-құқықтық түріндегі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі атауымен мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланктері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      4. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
      5. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі, заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
      7. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 34, индекс 101401.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде: "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел физической культуры и спорта города Темиртау".
      10. Осы Ереже "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметтері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында, кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқару мен салааралық үйлестіруді қамтамасыз ету.
      14. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) Теміртау қаласы мен Ақтау кенті аумағында бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерінің даумын қамтамасыз етеді;
      2) Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің бұқаралық, ұлттық спорт түрлерінен, мүгедектер спорт түрлерінен құрама командаларының дайындығын және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      3) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң-Елбасының тестiлерiн өткізуді орындау жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау;
      4) спорт инфрақұрылымын дамыту қызметін үйлестіру.
      15. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің дене шынықтыру және спортты дамыту жоспарын әзірлейді және жүзеге асырады;
      2) Теміртау қаласы мен Ақтау кенті аумағын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
      3) жеке адамдардың тұрғылықты жерi бойынша және олардың көпшiлiк демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшiн инфрақұрылым жасайды;
      4) аккредиттелген спорт федерацияларымен бiрлесiп, спорт түрлерi бойынша қалалық спорттық жарыстарды өткiзедi;
      5) спорт түрлерi бойынша қалалық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
      6) Теміртау қаласы мен Ақтау кенті аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етедi;
      7) Теміртау қаласы мен Ақтау кенті аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
      8) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтарын бередi;
      9) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын бередi;
      10) Теміртау қаласы мен Ақтау кенті аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;
      11) нысан бойынша Теміртау қаласы мен Ақтау кенті аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және облыстың жергілікті атқарушы органына ұсынады;
      12) аккредиттелген өңiрлiк және жергiлiктi спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлерi бойынша қаланың құрама командаларының тiзiмдерiн қалыптастырады;
      13) ресми дене шынықтыру және спорт iс-шараларын медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
      14) спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етеді;
      15) қалалық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорттық мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;
      16) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
      17) мүгедектерге дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн спорт ғимараттарына баруға жағдай жасауды, арнайы спорттық мүкаммалды берудi қамтамасыз етедi.
      16. Құқықтары мен мідеттері:
      1) бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын, бұқаралық, ұлттық спорт түрлерін, мүгедектер спортын дамыту мәселелерін реттейтін бағдарламалардың, нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалық-әдіскерлік құжаттардың жобаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысуға;
      2) конференциялар, семинарлар және тағы басқа оқыту түрлерін ұйымдастыру және өткізуге қатысу және бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру мамандарымен тәжірибе алмасу;
      3) дене шынықтыру және спорттың дамуы бойынша мәліметтерді талдау және жоғарыда тұрған органдарға ұсыну;
      4) заңнамамен қарастырылған басқа міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қызметке Теміртау қаласының әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мекеме қызметін ұйымдастыру және басқару;
      2) тікелей қала әкіміне бағынады және мекемеге жүктелген функцияларды орындауға жауапты;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен және осы Ережемен белгіленетін құзыретіне сәйкес мекеменің қызметі мәселелерін шешеді;
      4) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;
      5) барлық ұйымдарда мекеменің мүдделерін ұсынады;
      6) келісімдер жасайды;
      7) сенімхаттар береді;
      8) іссапарлар, тәжірибе алмасу, қызметшілерді оқыту және біліктіліктерін арттыру тәртібі мен жоспарын бекітеді;
      9) банк есептерін ашады;
      10) мекеменің барлық қызметшілеріне міндетті бұйрық шығарады және нұсқау береді;
      11) мекеме қызметшілерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      12) мекеме қызметшілеріне ынталандыру шараларын қолданады және тәртіптік жаза береді;
      13) мекеме қызметшілерінің өкілеттіліктерін анықтайды;
      14) жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады;
      15) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу мақсатында атқарушы органдардан белгіленген тәртіпте материалдарды сұрайды және алады;
      16) мүдделі мекемелерді тартумен мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жиналыс шақырады;
      17) заңнамамен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігін орындауды ол жоқ кезде қолданыстағы заңға сәйкес оны ауыстыратын тұлғамен жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметті нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі, заңнамамен басқа белгіленбесе өзіне бекілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражаттар есебінен алынған мүлікті өз еркімен иелігінен шығаруға немесе басқа әдіспен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел физической культуры и спорта города Темиртау"

Постановление акимата города Темиртау Карагандинской области от 12 марта 2015 года № 10/1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 1 апреля 2015 года № 3089. Утратило силу постановлением акимата города Темиртау Карагандинской области от 2 июня 2016 года № 22/2

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Темиртау Карагандинской области от 02.06.2016 № 22/2.
      Руководствуясь Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьями 31, 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением акима города Темиртау от 12 января 2015 года № 1/28 "О реорганизации некоторых государственных учреждений, финансируемых из бюджета города Темиртау", на основании постановления акима города Темиртау от 12 января 2015 года № 1/29 "Об утверждений структуры местного государственного управления и лимита штатной численности исполнительных органов Темиртау", акимат города Темиртау ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Отдел физической культуры и спорта города Темиртау".
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Мырзахасимову Шолпан Мухитовну.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

Аким города
Н. Султанов

      

 
Утверждено
постановлением акимата
города Темиртау от
12 марта 2015 года
№ 10/1

Положение
государственного учреждения
"Отдел физической культуры и спорта города Темиртау"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел физической культуры и спорта города Темиртау" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере физической культуры и спорта на территории города Темиртау и поселка Актау.
      2. Государственное учреждение "Отдел физической культуры и спорта города Темиртау" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение "Отдел физической культуры и спорта города Темиртау" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение "Отдел физической культуры и спорта города Темиртау" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение "Отдел физической культуры и спорта города Темиртау" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение "Отдел физической культуры и спорта города Темиртау" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Отдел физической культуры и спорта города Темиртау" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Отдел физической культуры и спорта города Темиртау" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, Карагандинская область, город Темиртау, проспект Республики, 34, индекс 101401.
      9. Полное наименование государственного органа:
      на государственном языке: "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      на русском языке: государственное учреждение "Отдел физической культуры и спорта города Темиртау".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Отдел физической культуры и спорта города Темиртау".
      11. Финансирование деятельности государственного учреждения "Отдел физической культуры и спорта города Темиртау" осуществляется из местного бюджета.
      12. Государственному учреждению "Отдел физической культуры и спорта города Темиртау" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Отдел физической культуры и спорта города Темиртау".
      Если государственному учреждению "Отдел физической культуры и спорта города Темиртау" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      13. Миссия государственного учреждения "Отдел физической культуры и спорта города Темиртау": обеспечение эффективного государственного управления и межотраслевой координации в целях реализации государственной политики в сфере физической культуры и спорта.
      14. Задачи государственного учреждения "Отдел физической культуры и спорта города Темиртау":
      1) обеспечивает развитие массового спорта и национальных видов спорта на территории города Темиртау и поселка Актау;
      2) организация и обеспечение подготовки сборных команд города Темиртау и поселка Актау по массовым, национальным видам спорта, инвалидному спорту и их участия на областных спортивных соревнованиях;
      3) руководство и контроль за работой по выполнению тестов Первого Президента Республики Казахстан – Лидера нации;
      4) координация деятельности по развитию спортивной инфраструктуры.
      15. Функции государственного учреждения "Отдел физической культуры и спорта города Темиртау":
      1) разрабатывает и реализует планы развития физической культуры и спорта в городе Темиртау и поселке Актау;
      2) организует работу по реализации программ развития территории города Темиртау и поселка Актау;
      3) создает инфраструктуру для занятий спортом физических лиц по месту жительства и в местах их массового отдыха;
      4) совместно с аккредитованными спортивными федерациями проводит городские спортивные соревнования по видам спорта;
      5) обеспечивает подготовку сборных команд города по видам спорта и их выступления на областных спортивных соревнованиях;
      6) обеспечивает развитие массового спорта и национальных видов спорта на территории города Темиртау и поселка Актау;
      7) координирует деятельность физкультурно-спортивных организаций на территории города Темиртау и поселка Актау;
      8) присваивает спортсменам спортивные разряды: спортсмен 2 разряда, спортсмен 3 разряда, спортсмен 1 юношеского разряда, спортсмен 2 юношеского разряда, спортсмен 3 юношеского разряда;
      9) присваивает квалификационные категории: тренер высшего уровня квалификации второй категории, тренер среднего уровня квалификации второй категории, методист высшего уровня квалификации второй категории, методист среднего уровня квалификации второй категории, инструктор-спортсмен высшего уровня квалификации второй категории, спортивный судья;
      10) координирует организацию и проведение спортивных мероприятий на территории города Темиртау и поселка Актау;
      11) осуществляет сбор, анализ и предоставляет местному исполнительному органу области информацию по развитию физической культуры и спорта на территории города Темиртау и поселка Актау по форме;
      12) формирует списки сборных команд по видам спорта по предложениям региональных и местных аккредитованных спортивных федераций;
      13) организует медицинское обеспечение официальных физкультурных и спортивных мероприятий;
      14) координирует вопросы строительства спортивных сооружений и обеспечивает их доступность населению;
      15) обеспечивает деятельность неспециализированных детско-юношеских спортивных школ;
      16) оказывает методическую и консультативную помощь спортивным организациям;
      17) обеспечивает инвалидам условия для доступа к спортивным сооружениям для занятия физической культурой и спортом, предоставление специального спортивного инвентаря.
      16. Права и обязанности:
      1) участвовать в разработке и реализации программ, проектов нормативных правовых актов, программно-методических документов, регулирующих вопросы массовой физкультурно-оздоровительной работы, развития массового спорта и национальных видов спорта, инвалидного спорта;
      2) принимать участие в организации и проведении конференций, семинаров и других форм обучения и обмена опытом со специалистами массовой физкультурно-оздоровительной работы;
      3) анализировать и представлять вышестоящим органам сведения по развитию физической культуры и спорта;
      4) выполнять иные обязанности, предусмотренные законодательством.

3. Организация деятельности государственного органа

      17. Руководство государственным учреждением "Отдел физической культуры и спорта города Темиртау" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Отдел физической культуры и спорта города Темиртау" задач и осуществление им своих функций.
      18. Первый руководитель государственного учреждения "Отдел физической культуры и спорта города Темиртау" назначается на должность и освобождается от должности акимом города Темиртау.
      19. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Отдел физической культуры и спорта города Темиртау":
      1) организовывает и руководит работой учреждения;
      2) непосредственно подчиняется акиму города и несет ответственность за выполнение возложенных на учреждение функций;
      3) решает вопросы деятельности учреждения в соответствии с его компетенцией, определяемой законодательством Республики Казахстан и настоящим Положением;
      4) без доверенности действует от имени учреждения;
      5) представляет интересы учреждения во всех организациях;
      6) заключает договоры;
      7) выдает доверенности;
      8) утверждает планы учреждения по командировкам, стажировкам, обучению работников в казахстанских и зарубежных учебных центрах и иным видам повышения квалификации работников;
      9) открывает банковские счета;
      10) издает приказы и дает указания, обязательные для всех работников учреждения;
      11) принимает на работу и увольняет с работы работников учреждения;
      12) применяет меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на работников учреждения;
      13) определяет полномочия работников учреждения;
      14) принимает необходимые меры по противодействию коррупции и несет за это персональную ответственность;
      15) запрашивает и получает в установленном порядке от исполнительных органов материалы, необходимые для решения вопросов, входящих в компетенцию учреждения;
      16) созывает в установленном порядке совещания по вопросам, входящим в компетенцию учреждения, с привлечением представителей заинтересованных организаций;
      17) осуществляет иные функции, возложенные на него законодательством.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Отдел физической культуры и спорта города Темиртау" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      20. Государственное учреждение "Отдел физической культуры и спорта города Темиртау" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Отдел физической культуры и спорта города Темиртау" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенные в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      21. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Отдел физической культуры и спорта города Темиртау" относится к коммунальной собственности.
      22. Государственное учреждение "Отдел физической культуры и спорта города Темиртау" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      23. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Отдел физической культуры и спорта города Темиртау" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.