Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарын, Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы №1/28 "Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатың кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта құру туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы №1/29 "Теміртау қаласының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын және атқарушы органдарының штат санының лимитін бекіту туралы" қаулысы негізінде, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Теміртау қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Шолпан Мұхитқызы Мырзақасымоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Сұлтанов |
| Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 10/1 қаулысымен бекітілді |
"Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Теміртау қаласы мен Ақтау кенті аумағында дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдастырушылық-құқықтық түріндегі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі атауымен мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланктері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
5. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі, заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
7. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 34, индекс 101401.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел физической культуры и спорта города Темиртау".
10. Осы Ереже "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметтері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында, кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқару мен салааралық үйлестіруді қамтамасыз ету.14. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) Теміртау қаласы мен Ақтау кенті аумағында бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерінің даумын қамтамасыз етеді;
2) Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің бұқаралық, ұлттық спорт түрлерінен, мүгедектер спорт түрлерінен құрама командаларының дайындығын және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң-Елбасының тестiлерiн өткізуді орындау жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау;
4) спорт инфрақұрылымын дамыту қызметін үйлестіру.
15. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің дене шынықтыру және спортты дамыту жоспарын әзірлейді және жүзеге асырады;
2) Теміртау қаласы мен Ақтау кенті аумағын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
3) жеке адамдардың тұрғылықты жерi бойынша және олардың көпшiлiк демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшiн инфрақұрылым жасайды;
4) аккредиттелген спорт федерацияларымен бiрлесiп, спорт түрлерi бойынша қалалық спорттық жарыстарды өткiзедi;
5) спорт түрлерi бойынша қалалық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
6) Теміртау қаласы мен Ақтау кенті аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етедi;
7) Теміртау қаласы мен Ақтау кенті аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
8) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтарын бередi;
9) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын бередi;
10) Теміртау қаласы мен Ақтау кенті аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;
11) нысан бойынша Теміртау қаласы мен Ақтау кенті аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және облыстың жергілікті атқарушы органына ұсынады;
12) аккредиттелген өңiрлiк және жергiлiктi спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлерi бойынша қаланың құрама командаларының тiзiмдерiн қалыптастырады;
13) ресми дене шынықтыру және спорт iс-шараларын медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
14) спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етеді;
15) қалалық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорттық мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;
16) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
17) мүгедектерге дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн спорт ғимараттарына баруға жағдай жасауды, арнайы спорттық мүкаммалды берудi қамтамасыз етедi.
16. Құқықтары мен мідеттері:
1) бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын, бұқаралық, ұлттық спорт түрлерін, мүгедектер спортын дамыту мәселелерін реттейтін бағдарламалардың, нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалық-әдіскерлік құжаттардың жобаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысуға;
2) конференциялар, семинарлар және тағы басқа оқыту түрлерін ұйымдастыру және өткізуге қатысу және бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру мамандарымен тәжірибе алмасу;
3) дене шынықтыру және спорттың дамуы бойынша мәліметтерді талдау және жоғарыда тұрған органдарға ұсыну;
4) заңнамамен қарастырылған басқа міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.18. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қызметке Теміртау қаласының әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.
19. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мекеме қызметін ұйымдастыру және басқару;
2) тікелей қала әкіміне бағынады және мекемеге жүктелген функцияларды орындауға жауапты;
3) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен және осы Ережемен белгіленетін құзыретіне сәйкес мекеменің қызметі мәселелерін шешеді;
4) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;
5) барлық ұйымдарда мекеменің мүдделерін ұсынады;
6) келісімдер жасайды;
7) сенімхаттар береді;
8) іссапарлар, тәжірибе алмасу, қызметшілерді оқыту және біліктіліктерін арттыру тәртібі мен жоспарын бекітеді;
9) банк есептерін ашады;
10) мекеменің барлық қызметшілеріне міндетті бұйрық шығарады және нұсқау береді;
11) мекеме қызметшілерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
12) мекеме қызметшілеріне ынталандыру шараларын қолданады және тәртіптік жаза береді;
13) мекеме қызметшілерінің өкілеттіліктерін анықтайды;
14) жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады;
15) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу мақсатында атқарушы органдардан белгіленген тәртіпте материалдарды сұрайды және алады;
16) мүдделі мекемелерді тартумен мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жиналыс шақырады;
17) заңнамамен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
"Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігін орындауды ол жоқ кезде қолданыстағы заңға сәйкес оны ауыстыратын тұлғамен жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметті нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа көздер есебінен қалыптастырылады.
21. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі, заңнамамен басқа белгіленбесе өзіне бекілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражаттар есебінен алынған мүлікті өз еркімен иелігінен шығаруға немесе басқа әдіспен билік етуге құқығы жоқ.