Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 13.06.2024 № 33/3 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19–бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37–баптарын басшылыққа ала отырып Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Теміртау қаласында жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифі жетпіс теңге көлемінде белгіленсін.
2. "Теміртау қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Татьяна Михайловна Акулова Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында белгіленген тәртіпте осы қаулыны орындау бойынша шаралар жүргізсін.
3. Теміртау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 6 қазандағы № 39/1 "Теміртау қаласында жолаушыларды және багажды қалалық автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті көтеру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-3-125 болып тіркелген, 2011 жылғы 2 қарашадағы "Теміртау" газетінің № 44 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Атабекұлы Есмұрзаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Сұлтанов |
КЕЛІСІЛДІ
Теміртау қалалық мәслихатының
хатшысы
_______________ В. Свиридов
4 маусым 2015 жыл