Теміртау қаласының жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар автомобиль тасымалдарына тарифтерді белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 13 маусымдағы № 33/3 қаулысы

      Қазақстан Республикасы "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарын басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Теміртау қаласының жолаушыларын тұрақты әлеуметтік маңызы бар автомобильмен тасымалдауға тарифтер төлем тәсіліне байланысты мөлшерде белгіленсін.

      2. Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 22/1 "Теміртау қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдауға тарифті арттыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3308 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі О. Таурбеков

  Теміртау қаласы әкімдігінің
2024 жылғы "13" маусымдағы
№ 33/3 қаулысына қосымша

Теміртау қаласының жолаушыларын әлеуметтік маңызы бар автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифтер төлем тәсіліне байланысты

№ п/п

Бағыт

Ұялы байланыс операторының, көлік картасының не мобильді қосымшаның қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жол жүру құны, теңге

Қолма-қол төлем кезінде жол жүру құны, теңге

1

Қалалық маршруттар

70,0 (жетпіс)

140,0 (бір жүз қырық)

2

№ 2 "ОСШ № 1 – ОСШ № 7 – ОСШ № 3 – ОСШ № 1"

50,0 (елу)

100,0 (жүз)

3

№ 1 "Ақтау - Мырза"

50,0 (елу)

100,0 (жүз)

4

№ 282 "Теміртау – Қызылқайын"

180,0 (жүз сексен)

360,0 (үш жүз алпыс)

5

№ 283 "Теміртау – Ақтау"

150,0 (жүз елу)

300,0 (үш жүз)

6

№ 284 "Теміртау – Баймырза"

200,0 (екі жүз)

400,0 (төрт жүз)

7

№ 285 "Теміртау – Центральное"

200,0 (екі жүз)

400,0 (төрт жүз)

8

№ 286 "Темиртау – Мустафин"

150,0 (жүз елу)

300,0 (үш жүз)

9

№ 287 "Теміртау – Карьерная"

150,0 (жүз елу)

300,0 (үш жүз)

10

№ 40 "Теміртау – Гагарин"

120,0 (жүз жиырма)

240,0 (екі жүз қырық)

11

№ 30 "8 шағын аудан – Уралочка саяжайлары"

150,0 (жүз елу)

300,0 (үш жүз)

12

№ 31 "8 шағын аудан – СПП саяжайлары"

150,0 (жүз елу)

300,0 (үш жүз)

13

№ 32 "8 шағын аудан – пионерлік лагерьлер саяжайлары"

150,0 (жүз елу)

300,0 (үш жүз)

14

№ 33 "8 шағын аудан – Строитель саяжайлары"

150,0 (жүз елу)

300,0 (үш жүз)

15

№ 34 "8 шағын аудан–Черемушки саяжайлары"

150,0 (жүз елу)

300,0 (үш жүз)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады