Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 48 бабын және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 178 "Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11322 болып тіркелді) бұйрығын басшылыққа ала отырып, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Саягуль Жаксылыққызы Жаксылыковаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімінің міндетін атқарушы |
Н. Мәжитов |
Балқаш қаласы әкімдігінің |
Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері
р/с № |
Азаматтар санаты |
Жеңілдіктер мөлшері |
1 |
7 жасқа дейінгі балалар |
Тегін |
2 |
Көп балалы отбасыларының оқушы-балалары |
Тегін |
3 |
Балалар үйлерінің оқушы -балалары |
Тегін |
4 |
Спорт ардагерлері |
Тегін |
5 |
Оқушылар |
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50 % мөлшердегі жеңілдік |
6 |
Студенттер |
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50 % мөлшердегі жеңілдік |
7 |
Зейнеткерлер |
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50 % мөлшердегі жеңілдік |
Ескертпе: осы тізбе Балқаш қаласының аумағында орналасқан мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.