Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 178 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 маусымда № 11322 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б.Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі С.Ж. Мұсайбековке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 14 мамырда
№ 178 бұйрығымен бекітілді

Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру тегін немесе жеңілдік шарттармен дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері

      Ескерту. Тізбенің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с

Азаматтар санаты

Жеңілдіктер мөлшері

1.

7 жасқа дейінгі балалар

Тегін

2.

Көп балалы отбасыларынаң оқушы-балалар

Тегін

3.

Балалар үйлерінен оқушы - балалар

Тегін

4.

Спорт ардагерлері

Тегін

5.

Оқушылар

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік

6.

Студенттер

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік

7.

Зейнеткерлер

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік

      * Ескертпе: Осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады