Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы

Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 30/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 7 қыркүйекте № 3397 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 28/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 30.04.2024 № 28/01 қаулысымен (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 48-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері белгіленсін.
      Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің аппарат басшысы Елена Ивановна Бородинаға жүктелсін.
      Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Саран қаласының әкімі А. Шкарупа

  Саран қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 6 тамыздағы
Қаулысына
№ 30/03 қосымша

Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері


р/н

Азаматтар санаты

Жеңілдіктер мөлшері

1.

7 жасқа дейінгі балалар

Тегін

2.

Көп балалы отбасыларынаң оқушы-балалар

Тегін

3.

Балалар үйлерінен оқушы – балалар

Тегін

4.

Спорт ардагерлері

Тегін

5.

Оқушылар

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдіктер

6.

Студенттер

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдіктер

7.

Зейнеткерлер

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдіктер


      * Ескертпе: осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.

Об установлении Перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением инвалидов, а также размеров льгот

Постановление акимата города Сарани Карагандинской области от 6 августа 2015 года № 30/03. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 7 сентября 2015 года № 3397. Утратило силу постановлением акимата города Сарани Карагандинской области от 30 апреля 2024 года № 28/01

      Сноска. Утратило cилу постановлением акимата города Сарани Карагандинской области от 30.04.2024 № 28/01 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 48 Закона Республики Казахстан от 3 июля 2014 года "О физической культуре и спорте", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан", акимат города Сарани ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить Перечень категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением инвалидов, а также размеры льгот, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнение настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима города Сарани Бородину Елену Ивановну.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города Сарани А. Шкарупа




  Приложение к постановлению
  акимата города Сарани
  от 6 августа 2015 года № 30/03

Перечень категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением инвалидов, а также размеры льгот

№ п/п


Категории граждан


Размеры льгот


1.


Дети до 7 лет


Бесплатно


2.


Дети-школьники из многодетных семей


Бесплатно


3.


Дети-школьники из детских домов


Бесплатно


4.


Спортсмены-ветераны


Бесплатно


5.


Школьники


Льготы в размере 50% от стоимости оказываемых спортивных и физкультурно-оздоровительных услуг


6.


Студенты


Льготы в размере 50% от стоимости оказываемых спортивных и физкультурно-оздоровительных услуг


7.


Пенсионеры


Льготы в размере 50% от стоимости оказываемых спортивных и физкультурно-оздоровительных услуг



      *Примечание: данный перечень распространяется на государственные физкультурно-оздоровительные и спортивные сооружения.