"Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы" Саран қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 30/03 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 28/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 4 мамырда № 6595-09 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы" Саран қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 30/03 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3397 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Саран қаласының әкімі Е. Баулыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады