1. Абай ауданы әкімінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 02 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3136 тіркелген, "Абай-Ақиқат" аудандық газетінің 2015 жылғы 18 сәуірдегі № 15 басылымында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің атауы жаңа редакцияда баяндалсын: "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы";
1 тармақ мына редакцияда баяндалсын: "1. Қарағанды облысы Абай ауданының Абай қаласында, Қарабас кентінде, Көксу ауылдық округінде, Құлаайғыр ауылдық округінде, Сәрепті ауылында, Курмин ауылдық округінде, Юбилейное ауылында, Қарағанды ауылдық округінде, Есенгелді ауылдық округінде, Самарка ауылдық округінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын".
2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі | С. Шайдаров |