Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімінің 17.04.2015 № 03 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына сәйкес, Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 1 хаттамасы негізінде, Абай ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Қарағанды облысы Абай ауданының Абай қаласында, Қарабас кентінде, Көксу ауылдық округінде, Құлаайғыр ауылдық округінде, Сәрепті ауылында, Курмин ауылдық округінде, Юбилейное ауылында, Қарағанды ауылдық округінде, Есенгелді ауылдық округінде, Самарка ауылдық округінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімінің 17.04.2015 № 03 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Төтенше жағдайларды жою комиссиясының басшысы болып Абай ауданы әкімінің орынбасары Жәкенов Айдос Ғибадуллаұлы тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі | С. Шайдаров |