Абай ауданы әкімінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 02 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешіміне өзгірістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 03 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 сәуірде № 3168 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, Абай ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Абай ауданы әкімінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 02 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3136 тіркелген, "Абай-Ақиқат" аудандық газетінің 2015 жылғы 18 сәуірдегі № 15 басылымында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
       шешімнің атауы жаңа редакцияда баяндалсын: "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы";
       1 тармақ мына редакцияда баяндалсын: "1. Қарағанды облысы Абай ауданының Абай қаласында, Қарабас кентінде, Көксу ауылдық округінде, Құлаайғыр ауылдық округінде, Сәрепті ауылында, Курмин ауылдық округінде, Юбилейное ауылында, Қарағанды ауылдық округінде, Есенгелді ауылдық округінде, Самарка ауылдық округінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын".
      2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Абай ауданының әкімі
С. Шайдаров

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады