Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21.06.2018 № 9 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 03.02.2016 № 6 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Бұқар жырау ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелесі және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасының | |
міндетін атќарушы, | |
мәслихат хатшысының | |
өкілеттігін уақытша | |
жүзеге асырушы | Т. Ргебаев |