Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21.06.2018 № 9 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес келтіру мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 қыркүйектегі 39 сессиясының № 4 "Бұқар жырау ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғайжер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3434 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 қазандағы "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінің № 41 санында, 2015 жылғы 23 қазандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ш. Курбанов |
Мәслихат хатшысының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы |
Т. Ргебаев |