Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 10.10.2017 № 17/138 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі №34/225 "Жаңаарқа аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2800 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 24 қазанда, 2014 жылғы 25 қазандағы № 47-48 (9641-9642) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жаңаарқа аудандық мәслихатының Регламентінің мемлекеттік тілдегі 7-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
“7. Мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.”.
Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті XLI сессиясының төрағасы |
Б. Бекежанова |
Аудандық мәслихат хатшысы | М.Абдишев |