Жаңаарқа аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 қазандағы XVII сессиясының № 17/138 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 қазанда № 4414 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:

      1) Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі ХХХІV сессиясының № 34/225 "Жаңаарқа аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2800 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 25 қазандағы № 47-48 (9641-9642) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған);

      2) Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 маусымдағы ХLI сессиясының № 41/284 "Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 34/225 "Жаңаарқа аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3329 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 08 тамыздағы № 41 (9691) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған).

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс ХVII сессиясының төрағасы,
аудандық мәслихат хатшысы
К.Имантусупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады