Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 21.06.2018 № VI-29/262 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 19.01.2016 № 45/404 (оның алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.1. Қарқаралы ауданының аумағында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы, | |
аудандық мәслихат хатшысы | С. Нуркенов |