Қарқаралы аудандық мәслихатының шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 маусымдағы XXIX сессиясының № VI-29/262 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 шілдеде № 4861 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Қарқаралы ауданының мәслихатының 2015 жылғы 5 қарашадағы XХХХII сессиясының № 42/379 "Қарқаралы ауданының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 3532 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 15 желтоқсанда, 2015 жылғы 19 желтоқсанда "Қарқаралы" газетінің № 101-102 (11432) санында жарияланған) шешімі;

      2) Қарқаралы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 қаңтардағы XLV сессиясының № 45/404 "Қарқаралы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 5 қарашадағы XXXXII сессиясының № 42/379 "Қарқаралы ауданының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3649 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 ақпанда "Қарқаралы" газетінің № 13-14 (11448) санында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 22 ақпанда жарияланған) шешімі.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Бейсенбеков
      Аудандық мәслихат хатшысы С. Нуркенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады