Қарқаралы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 5 қарашадағы XXXXII сессиясының № 42/379 "Қарқаралы ауданының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 қаңтардағы XLV сессиясының № 45/404 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 ақпанда № 3649 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 маусымдағы № VI-29/262 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 21.06.2018 № VI-29/262 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарқаралы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 5 қарашадағы XXXIV сессиясының № 42/379 "Қарқаралы ауданының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3532 тіркелген, 2015 жылғы 19 желтоқсандағы "Қарқаралы" № 101-102 (11432) газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:".

      2. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы,
аудандық мәслихат хатшысы
С. Нуркенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады