Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 19.07.2024 № 63/01 қаулысымен (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 48-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарын басшылыққа ала отырып Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Н. Ламбеков |
|
Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматттар санаттарының тізбесі, сондай–ақ жеңілдіктер мөлшері
р/с № | Азаматтар санаттары | Жеңілдіктер мөлшері |
1. | 7 жасқа дейінгі балалар | Тегін |
2. | Көп балалы отбасындағы оқушы-балалар | Тегін |
3. | Балалар үйіндегі оқушы-балалар | Тегін |
4. | Спорт ардагерлері | Тегін |
5. | Оқушылар | Тегін |
6. | Студенттер | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру -сауықтыру қызметтерінің құнынан мөлшердегі 50% жеңілдік |
7. | Зейнеткерлер | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру -сауықтыру қызметтерінің құнынан мөлшердегі 50% жеңілдік |
Ескертпе: бұл тізбе мемлекеттік дене шынықтыру - сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданылады.