Қазақстан Республикасының "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 48-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері белгіленсін.
2. Осакаров ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қарашадағы № 47/03 "Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3432 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осакаров ауданының әкімі | Р. Нурмуханбетов |
Осакаров ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 19 шілдедегі № 63/01 қаулысына қосымша |
Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматттар санаттарының тізбесі, сондай – ақ жеңілдіктер мөлшері
р/с № | Азаматтар санаттары | Жеңілдіктер мөлшері |
1. | 7 жасқа дейінгі балалар | Тегін |
2. | Көп балалы отбасындағы оқушы-балалар | Тегін |
3. | Балалар үйіндегі оқушы-балалар | Тегін |
4. | Спорт ардагерлері | Тегін |
5. | Оқушылар | Тегін |
6. | Студенттер | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру -сауықтыру қызметтерінің құнынан мөлшердегі 50% жеңілдік |
7. | Зейнеткерлер | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру -сауықтыру қызметтерінің құнынан мөлшердегі 50% жеңілдік |
Ескертпе: бұл тізбе мемлекеттік дене шынықтыру - сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданылады.