Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 47/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 6 қазанда № 3432 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 19 шілдедегі № 63/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 19.07.2024 № 63/01 қаулысымен (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 48-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарын басшылыққа ала отырып Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін

      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімінің міндетін атқарушы

Н. Ламбеков



  Осакаров ауданы әкімдігінің
  2015 жылғы 15 қыркүйектегі
  № 47/03 қаулысына
  қосымша

Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматттар санаттарының тізбесі, сондай–ақ жеңілдіктер мөлшері

р/с


Азаматтар санаттары


Жеңілдіктер мөлшері


1.


7 жасқа дейінгі балалар


Тегін 


2.


Көп балалы отбасындағы оқушы-балалар


Тегін 


3.


Балалар үйіндегі оқушы-балалар


Тегін 


4.


Спорт ардагерлері


Тегін 


5.


Оқушылар


Тегін 


6.


Студенттер


Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру -сауықтыру қызметтерінің құнынан мөлшердегі 50% жеңілдік


7.


Зейнеткерлер


Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру -сауықтыру қызметтерінің құнынан мөлшердегі 50% жеңілдік



      Ескертпе: бұл тізбе мемлекеттік дене шынықтыру - сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады