Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес, Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Шет ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Шет ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 01/01 "Шет ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 2521 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 ақпандағы № 05 (10 469) "Шет шұғыласы" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалысын бақылау Шет ауданы әкімі аппаратының жетекшісі Ә.Е. Тілегеноваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шет ауданы әкімінің | |
міндетін атқарушы | Б. Төлеуқұлов |
| Шет ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 06 наурыздағы № 08/04 қаулысымен бекітілген |
"Шет ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Шет ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - мемлекеттік мекемесі) аудандағы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.2. Мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң, актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5. Мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, индекс № 101700 Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау көшесі, 26 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы: "Шет ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Миссиясы: ауданның жер қатынастары, сәулет және қала құрылыс салаларын реттеу мен дамуы бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу.14. Міндеттері:
1) жерге орналастыру бойынша іс-шараларды жасау және жүзеге асыру, жер ресурстарын басқару бойынша жұмыстарды іске асыру және ұйымдастыру;
2) ауданның жер ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;
3) ауданның жер пайдалану жүйесінің жұмыс істеуін мемлекеттік қамтамасыз ету және оның қоғамдық қажеттілігіне қарай өзгеруіне сәйкес әлеуметтік қорғау және жаңа әлеуметтік-экономикалық талаптармен оны дамыту;
4) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру;
5) мемлекеттік қызмет көрсетуде нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;
6) мемлекеттік қызмет көрсетудегі сапалы баға мен мониторинг жүргізу;
7) мемлекеттік мекемесі шешімдерінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру;
8) ретке келтіріліп отырған нарық экономикасы жағдайындағы жөндеу құрылыс, жобалау әдістемелерін және әрқилы прогрессивті формаларға ықпал ету;
9) аудан көлеміндегі аумақтардағы құрылыс объектілері бойынша жобалау жұмыстарын, құрылыстың ұйымдастыруларын үйлестіру;
10) аудан көлеміндегі елді-мекендерде объектілердің құрылыстарын жүргізу және жобалау, бас жоспарларын қарау және келісу, оларды Шет ауданының әкіміне тапсыру;
11) тағы басқа қолданыстағы заңнамасымен көзделген міндеттерін орындау.
15. Функциялары:
1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру;
2) жер учаскелерін беру және олардың мақсаттық тағайындауын өзгерту жөнінде аудандық жергілікті атқарушы органдар актілерінің ұсынысын және жобаларын дайындау;
3) барлау және қойнауларды мемлекеттік геологиялық зерделеуге байланысты, қойнауларды пайдалану мақсаты үшін жер учаскелерін беру бойынша аудандық атқарушы органдар актілерінің ұсынысын және жобаларын дайындау;
4) мемлекеттік қажеттіліктері үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп тартып алу жөнінде ұсыныстар дайындау;
5) жер учаскелерінің бөлінбелі және бөлінбейтіндігі туралы анықтамалар беру;
6) мемлекеттің жеке меншігіне сатылатын, жер учаскелерінің нақты бағаларын (бағалық) кадастрын бекіту;
7) жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобасын бекіту және жерге орналастыру жүргізу;
8) аудандағы жерлерді тиімді пайдалану бойынша сызбасын және жобасын, бағдарламаларды және жерді аймақтарға бөлу жобаларын дайындауды ұйымдастыру;
9) елді мекендердің белгіленген шекарасында жер-шаруашылығын құру жобасын дайындауды ұйымдастыру;
10) жер сауда өткізуін ұйымдастыру (сайыстар, аукциондар);
11) жерді қорғауға және пайдалануға қатысты мәселелерге, сызба және жобаларға, аудандық бағдарламаларға сараптама жүргізу;
12) аудан жерлеріне баланс құру;
13) жер пайдалану және жер учаскелерінің иелері сонымен қатар басқа да жер құқықтық қатынастар субъектілеріне есеп жүргізу;
14) жер учаскелеріне сәйкестендіру құжаттарын беру;
15) ауыл шаруашылығы бағытындағы жер учаскелеріне құжаттарын беру;
16) уақытша өтеусіз жер пайдалану және жер учаскелерін жалға алу келісімін және сатып алу-сату келісімін жасау және жасалған келісімнің талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
17) іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға аудандық жергілікті атқарушы органдарының рұқсатын беру үшін ұсыныс дайындау;
18) ауыл шаруашылығы өңірлерін бір түрден екінші түрге аудару бойынша ұсыныс дайындау;
19) жерлерді резервте сақтау бойынша ұсыныс дайындау;
20) Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген қаулысымен, мемлекеттік қызмет Тізіліміне сәйкес халыққа мемлекеттік қызмет көрсету;
21) мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, сонымен қатар мемлекеттік қызметтер жағынан жоғары органдарына қосымша (немесе) және өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды дайындау;
22) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін автоматтандыруды қамтамасыз ету;
23) мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін оңайландыруды қамтамасыз ету;
24) елді-мекендерде көгалдандыру, абаттандыру, дизайнды, күрделі жөндеу, қайта жаңарту, құрылыс ережелері және басқа да құрылыс мәселелерін реттейтін құжаттарды дайындау және жобалау және құрылыс нормаларын жетілдіру;
25) аудан әкімінің актілеріне сәйкес барлық құрылыс түрлері үшін бекітілген жобалық құжаттар негізінде жер учаскелерін бөлу;
26) өндірістік-азаматтық бағыттағы және басқа да объектілерді жөндеу, күрделі құрылыс барысына бақылау жасау;
27) құрылыс объектілерінің жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыру.
16. Құқықтары мен мiндеттерi:
1) жер учаскелерін тиімді пайдалану бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстар беруге;
2) жер қатынастары саласын реттеу мәселесі бойынша аудандық жергілікті атқарушы органдармен қарым-қатынас жасауға;
3) мемлекеттік мекемесі жанынан Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен іс жүзіндегі заңнамада қаралған комиссия құрылуы мүмкін;
4) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті, қосымша ақпараттар үшін тиісті мемлекеттік органдарына сұраныспен шығуға;
5) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызметкерлерге санаттарын жоғарлатуды қамтамасыз етуге;
6) жер учаскелерінің тиімді пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету;
7) мемлекеттік мекемесі ұйымдастырушы болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды тиісті мәслихатта бекіту үшін аудан әкімдігіне енгізу;
8) мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемесіне міндетті түрде орындау үшін қажетті ақпараттық, әдістемелік, статистикалық мәліметтер алуға;
9) мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын мәселелерді шешу үшін аудан әкіміне ұсыныстарды қарауға енгізу;
10) мемлекеттік қызмет стандарттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету;
11) заңнамада белгіленген тәртіп бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мемлекеттік қызметтерді ауыстыруды қамтамасыз ету;
12) мемлекеттік қызмет көрсету туралы мемлекеттік қызмет тұтынушыларының ақпараттандырылуын қамтамасыз ету;
13) мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуді бағалау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша сәйкес ақпараттарды жоғары тұрған органдарға беруді;
15) мемлекеттік қызмет көрсетілетіндердің арыз-шағымдарын қарайды;
16) пайдалануға берілетін нысандарды (комплекстерді) заңға сәйкес қабылдау және тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру;
17) салынып жатқан (салынатын), салынған нысандардың және комплекстердің Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіп бойынша мониторингін жүргізу;
18) аумақтағы жобалаған салынуларды немесе басқа да қала құрылысының өзгерістерін халық назарына жеткізу;
19) мемлекеттік қала құрылысы кадастырының базалық деңгейін және "Мекен-жай регистр" ақпараттық жүйесін жүргізудің біріңғай тәртібін анықтау;
20) заңнамамен көзделген, осы Ережемен және уәкілетті органмен белгіленген басқа да міндеттер мен құқықтарды жүзеге асыруды.
3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
17. Мемлекеттік мекемесіне басшылықты мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.18. Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шет ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкiлеттiгi:
1) өзінің мамандарының міндеттерінің өкілеттілігін белгілейді;
2) қолданыстағы заңдарға сәйкес мемлекеттік мекемесінің мамандарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне қолданыстағы заңдарға сәйкес тәртіптік шаралар қолданады;
4) мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарына қол қояды;
5) қолданыстағы заңдарға сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз қызметтерін ұсынады;
6) мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапты және тікелей міндетті болады;
7) қолданыстағы заңдарға сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезіңде оның өкілеттікттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.Мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.