Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 01/04 "Қарағанды облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын және атқарушы органдарының штат санының лимитін бекіту туралы" қаулысы негізінде, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Приозерск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 9/5 "Приозерск қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы"
қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3065 болып тіркелген, "Приозерский вестник" газетінде 2015 жылдың 3 сәуірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1)
аталған қаулының мемлекеттік тілдегі тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Приозерск қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы";
2)
мемлекеттік тілдегі қаулының 1 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1. Қоса берілген "Приозерск қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.";
3)
мемлекеттік тілдегі ережеде тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Приозерск қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі";
4)
мемлекеттік тілдегі ережеде 1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1. "Приозерск қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";
5)
ережеде 9 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде - "Приозерск қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел образования города Приозерск".".
2.
Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсін.
3.
Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі |
Қ. Камзин |