Приозерск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 9/5 "Приозерск қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 23/1 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 маусымда № 3252 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 01/04 "Қарағанды облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын және атқарушы органдарының штат санының лимитін бекіту туралы" қаулысы негізінде, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Приозерск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 9/5 "Приозерск қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3065 болып тіркелген, "Приозерский вестник" газетінде 2015 жылдың 3 сәуірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) аталған қаулының мемлекеттік тілдегі тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Приозерск қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы";
      2) мемлекеттік тілдегі қаулының 1 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "1. Қоса берілген "Приозерск қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.";
      3) мемлекеттік тілдегі ережеде тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Приозерск қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі";
      4) мемлекеттік тілдегі ережеде 1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "1. "Приозерск қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";
      5) ережеде 9 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде - "Приозерск қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел образования города Приозерск".".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

      Қала әкімі

Қ. Камзин

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады